Нұртас Адамбаев Сабина келіннің сыңарын іздеп жатыр

06 Ақпан 2016, 12:08
1
Нұртас Адамбаев Сабина келіннің сыңарын іздеп жатыр -

Танымал актер, продюсер әрі шоумен Нұртас Адамбаев Instagram желісіндегі парақшасында "Сабина келін" фильміндегі басты кейіпкерге ұқсайтын әйелді іздеп жатқанын хабарлады.

"Соңғы бірнеше күнде мына суретті маған 300 рет жіберді. Басында қатты мән берген жоқпын. Енді іздеу жариялағым келіп отыр. Оның есімі кім? Оған біздің оны іздеп жатқанымызды жеткізсеңіздер, сыйлық дайындап қойдық. Сонымен қатар, "Сабина келін - 2" фильмінің алдын ада көрсетіліміне" VIP-қонақ ретінде шақырамыз", - деді ол.

Оқиға аты ойдан шығарылған Жүгері ауылында өрбитіні белгілі. Басты рөлдегі Сабина Қарсыбаева - дәулетті отбасының қызы. Ол құрбыларымен клубта демалғанды жақсы көреді. Кештердің бірінде оны шейхтың ұлымын деп алдап, үйленуге сөз берген ауыл тұрғыны алып қашады. Шындығында, ол қызды Дубайға емес, ауылға алып барады. Ол сол жерде қазақтың салт-дәстүрімен танысып, шәй құюды үйренеді, бесбармақ әзірлеп, үлкендерге сәлем салып, қазақша сөйлей бастайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай