28 ақпан 2017 10:55

"Оскар" жүлдесін ұйымдастырушылар мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оскар" жүлдесін ұйымдастырушылар мәлімдеме жасады. Олар "Ла-Ла Лэнд" және "Лунный свет" фильмдерін шығарушылардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылардың мәлімдемесі жүлденің ресми блогында жарияланды.


"Оскар" жүлдесін ұйымдастырушылар мәлімдеме жасады. Олар "Ла-Ла Лэнд" және "Лунный свет" фильмдерін шығарушылардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылардың мәлімдемесі жүлденің ресми блогында жарияланды.

"Біз кеше "Оскар" жүлдесінде "Үздік фильм" номинациясының жеңімпазын жариялағанда кеткен қателіктерге қатты өкінеміз. Фильм авторларынан - "Ла-Ла Лэнд" және "Лунный свет" фильмдерін түсірген командадан кешірім сұраймыз. Барлық қатысушыдан кешірім сұраймыз, жүргізушілер Уоррен Битти мен Фэй Данауэйдың атынан да кешірім сұраймыз", - делінген ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.

"Соңғы 83 жыл бойы Академия жүлде нәтижелерін PricewaterhouseCoopers компаниясына сеніп тапсыратын. PwC қабылданған хаттамаларда кеткен қателіктерді толықтай өз мойнына алды. Біз осы шараны кеше ғана өткіздік, енді бүгін осы жағдайдың мән-жайын анықтап, қандай шешімді қабылдау дұрыс болатынын шешеміз. Біз "Оскар" жүлдесіне және Киномотографиялық өнер мен ғылым академиясының атына кір келтіргіміз келмейді ", - деді ұйымдастырушылар.

Еске сала кетейік, кеше, 27 ақпанда "Оскар" жүлдесінің 89-шы марапаттау рәсімі өткен болатын. Алайда салтанатты іс-шара даумен аяқталды. Басты аталымдар бойынша жеңімпазды атау барысында жүргізуші фильмдердің атауын шатастырып алған болатын. "Ла-ла Ленд" авторлары алғыс сөзін айтып біткенде Уоррен Биттидің қателескені белгілі болды. Сөйтіп, жылдың үздік фильмі "Лунный свет" болды. "Не болғанын білмеймін, бірақ тек өзімді кінәлаймын. Бүлдіретінімді біліп едім! Енді қайтып келмеймін деп уәде беремін", - деген еді Джимми Киммел шара соңында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети