24 қаңтар 2017 20:15

"Оскар" сыйлығына номинанттар белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Оскар" сыйлығының "үздік ерлер рөлі" аталымына актерлер Кейси Аффлек, Райан Гослинг, Эндрю Гарфилд, Дензел Вашингтон, Вигго Мортенсен үміткер, - деп хабарлайды РИА Новости


"Оскар" сыйлығының "үздік ерлер рөлі" аталымына актерлер Кейси Аффлек, Райан Гослинг, Эндрю Гарфилд, Дензел Вашингтон, Вигго Мортенсен үміткер, - деп хабарлайды РИА Новости

Номинанттардың бірі Кейси Аффлек "Манчестер у моря" фильмі үшін "Алтын глобус" сыйлығын алған еді. Киносыншылардың тағы бір фавориті Райан Гослинг "Ла-ла ленд" мюзикліндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығына ұсынылып отыр.

Үміткерлердің тізіміне Эндрю Гарфилд ("По соображениям совести"), Вигго Мортенсен ("Капитан Фантастик") және афроамериканец Дензел Вашингтон ("Ограды") кіріп отыр.

Сонымен қатар, материал жазылып жатқан тұста сыйлықтың басқа аталымдары бойынша үміткерлер анықталды. "Үздік фильм" аталымында "Ла-Ла Ленд", "Лунный свет", "Молчание", "Прибытие" және "Лев" сыйлыққа таласады.

"Үздік әйелдер рөлі" аталымында - Эмма Стоун, Натали Портман, Мэрил Стрип, Рут Негга және Изабель Юппер.

"Үздік режиссер" аталымында - Дэмьен Шазелл ("Ла-Ла Ленд"), Мэл Гибсон ("По соображениям совести", Барри Дженкинс ("Лунный свет"), Кеннет Лонерган ("Манчестер у моря") және Дени Вильнев ("Прибытие").

Кезекті 89-шы салтанатты марапаттау шарасы 26 ақпанда Лос-Анджелестегі Dolby Theatre театрында өтеді. Кешті ABC арнасындағы кешкі шоудың жүргізушісі Джимми Киммел болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети