04 наурыз 2016 21:28

Отандық "16 қыз" фильмі прокатқа шыққан алғашқы күні 6 миллион теңгеге жуық табыс түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 наурызда қазақстандық прокатқа шыққан "16 қыз" фильмі бір күннің ішінде 6 миллион теңгеге жуық табыс түсірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне картинаның режиссері Қанағат Мұстафин айтып берді.


3 наурызда қазақстандық прокатқа шыққан "16 қыз" фильмі бір күннің ішінде 6 миллион теңгеге жуық табыс түсірді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне картинаның режиссері Қанағат Мұстафин айтып берді.

"Фильм көрсетілімінің алғашқы күні 5 миллион 950 мың теңге табыс әкелді. Осы айда болатын екі мерекеге байланысты әлі де жоғары көлемде қаражат түседі деген сенімдеміз", - деді режиссер. Оның айтуынша, фильм бюджеті 400 мың долларды құрады. Қазіргі кезде картина еліміздің 40-тан аса кинотеатрында көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, "16 қыз" фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Әкесі Бауыржанды досының қызы Айжанмен "бел құда" салты бойынша атастырады. Дегенмен қыздың кейін басқа жігіті бар болып шығады. Досының көңілін қалдырғысы келмеген әкесінің өтінішімен Айжан Бауыржанға басқа қалыңдық іздей бастайды. Кейін олардың қарым-қатынасы махаббатқа ұласады.

Картинаның басты рольдерін Берік Айтжанов, Аша Матай және Әнуар Нұрпейісов сомдады. 2014 жылдың тамыз айында бастау алған түсірілім Шәкен Аймановтың туған жері - Баянауылда (Павлодар облысы), сонымен қатар, Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети