Петропавл кинотеатрлары Нұртас Адамбаевтың "Сабина келін" фильмін көрсетуден не себепті бас тартқандарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Петропавл кинотеатрлары Нұртас Адамбаевтың "Сабина келін" фильмін көрсетуден не себепті бас тартқандарын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Режиссердің айтуынша, "Сабина келін" фильмін қаланың кинопрокатпен айналысушылары тартымды емес деп есептеген. "Өкінішке орай, бұл қаланың кинотеатры біздің фильмді алудан бас тартты, олар жергілікті тұрғындарға қызық емес деп есептейді. Оларға біз де, фильмдердің прокатымен айналысатын "Меломан" компаниясы да әсер ете алмайды. Бұлай болғаны өкінішті. Әйтеуір бір күні отандық картиналарға деген қарым-қатынасымыз өзгереді деп үміттенеміз", - деді ол әлеуметтік желілерде.
Кинотеатр өкілдері өз кезегінде режиссердің наразылығына жауап қатты. "Новый свет" кинотеатрының өкілдері мұны фильмдерді көрсетудің өздеріндегі нақты жоспарымен байланысты екенін айтты. Сонымен қатар, кинотеатр өкілдері Петропавлда отандық фильмдер көрсетілмейді деген пікірмен келіспейді. "Отандық кинематографтардан біз таяуда ғана "Ограбление по-казахски" фильмін көрсеттік, оны прайм уақытқа қойып, назарымызды салдық. Прокатпен айналысатын фирмалардың ұсынған барлық фильмін ала алмаймыз. Бізде келісімшарттар бар, бізге релиздерді ұсынатын компанияға ұсына аламыз. Осыған байланысты біз кинотеатрға сиятын сеанстарды таңдаймыз. Біз бірде-бір заңды бұзбадық. Бізге Алматыдан ресми хат жазсын, сәйкесінше жауап береміз", - деп жауап берді кинотеатр басшылығы.
Ал "Қазақстан" кинотеатрының басшылығы фильм режиссерінің кинотеатрларды неге кінәлап отырғанын түсінбейтінін айтты. "Бұл картинаны көрсетуден бас тартпағанымызды айтқым келеді. Қазіргі уақытта бізде Президент туралы "Разрывая замкнутый круг" фильмі көрсетіліп жатыр, бұл - "Көшбасшы жолы" киноэпопеясының төртінші фильмі. Біз "Сабина келін" туралы фильмді көрсетуді жоспарлар отырмыз, - деді "Қазақстан" кинотеатрының өкілі Евгения Нечаева.
Еске сала кетейік, фильмнің оқиғасы ойдан шығарылған Жүгері ауылында өрбиді. Басты рөлдегі Сабина Қарсыбаева - дәулетті отбасының қызы. Ол құрбыларымен клубта демалғанды жақсы көреді. Кештердің бірінде оны шейхтың ұлымын деп алдап, үйленуге сөз берген ауыл тұрғыны алып қашады. Шындығында, ол қызды Дубайға емес, ауылға алып барады. Ол сол жерде қазақтың салт-дәстүрімен танысып, шәй құюды үйренеді, бесбармақ әзірлеп, үлкендерге сәлем салып, қазақша сөйлей бастайды. Картина авторы тақырыптың өзекті екенін және бұл фильм көптеген қызға жақсы үлгі болатынын атап өтті. Картинаның режиссері тағы бір фильмін 2015 жылдың көктемінде түсіруді жоспарлап отыр.