25 қараша 2014 17:38

Сабина келін туралы фильмге 300 мың доллар жұмсалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильм кадры. ©liter.kz Фильм кадры. ©liter.kz

"Сабина келін" фильмінің режиссері, сценарисі әрі актері Нұртас Адамбаев картинаға қанша қаржы жұмсалғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеше, 24 қарашада Алматыда фильмнің премьераға дейінгі көрсетілімі болды. Айта кетейік, іс-шара этностильде өтті - қонақтар қымыздан ауыз тиіп, ұлттық костюм киген музыканттар болса Құрманғазының күйін орындады.

Фильм 17 күннің ішінде түсірілген. Түсірілім жұмыстары негізінен Алматы облысындағы ауылдардың бірінде болды. Оқиға ойдан шығарылған Жүгері деген ауылда болады. "Ауылда, жалпы, кино түсіру арзанырақ. Жаратқан ақшамыз 300 мың долларға жеткен жоқ. Ешкімнің көмегінсіз түсірдік (...) Иә, Сабина келін туралы жоба осыған дейін "KZЛандия" скетч-комында болды, бірақ біз толықтай картина жасау керек деген шешімге келдік. Бұл бәрінен бұрын - тәжірибе, енді картинаны А нүктесінен Б нүктесіне дейін қалай түсіру керек екенін білеміз - біз барлық мәселені өзіміз шештік, тіпті постпродакшнмен де өзіміз айналыстық. Ешбір жарнама агенттіктерінің көмегіне жүгінбедік", - деді Адамбаев.  

Нұртас Адамбаев сомдаған бас кейіпкер Сабина Қарсыбаева - байдың қызы. Ол құрбыларымен бірге клубта демалғанды ұнатады. Бір күні оған шейх келіп, тұрмысқа шығуды ұсынады. Бірақ ол қызды Дубайға емес, ауылға әкеледі. Ауылда Сабина келін қазақтың дәстүрімен және салтымен танысады, шай құю мен ет асуды үйренеді, үлкендерге сәлем салып, қазақша сөйлей бастайды. Картина авторы тақырыптың өзекті екенін және фильмнің қыздарға сабақ болатынын айтты.  

Сабина келін туралы фильмде әженің ролін актриса Тоғжан Таханова ойнады, ал атасының ролі Ерлан Қасымжанұлына бұйырды. Картинаға Баян Есентаева, Марат Көккөзов, Күләш Қажығалиева, Бауыржан Орда, Оңдасын Бесікбаев және тележүргізуші Майя Веронская түсті. "Сабина келін " фильмнің премьерасы 27 қараша болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети