09 қыркүйек 2018 11:54

Режиссер Эмир Байғазин Венеция кинофестивалінің жүлдесіне ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эмир Байғазин. © REUTERS/Tobias Schwarz Эмир Байғазин. © REUTERS/Tobias Schwarz

Қазақстандық Эмир Байғазин Венеция кинофестивалінде "көкжиектер" секциясы бойынша үздік режиссер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Эмир Байғазин Венеция кинофестивалінде "көкжиектер" секциясы бойынша үздік режиссер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фестивальде қазақстандық режиссер басты кейіпкері Асланның трилогиясын аяқтайтын "Өзен" атты фильмін ұсынған. Алғашқы екі бөлімі - "Асланның сабақтары" мен "Жаралы періште" фильмдері 2013 және 2016 жылдары Берлин кинофестивалінде ресми көрсетілген еді.


Эмир Байғазин Венеция кинофестивалінде. Продюсер жолдаған сурет.

"Өзен" фильмі шалғайда өмір сүретін бес ағайындының қаладан қонақ келген соң өмірлерінің қалай өзгергендігін көрсетеді. Фильмнің түсірілімі Түркістан облысында өткен. Басты рөлдерді Қазақстанның әр бұрышынан жиналған әуесқой әртістер сомдады.

Байқаудың басты жеңімпазы мексикалық режиссер Альфонсо Куаронаның "Рома" фильмі болды. "Ағайынды Систерс" фильмін түсірген Жак Одияр үздік режиссер атағын иеленді. Гран-приді төрешілер "Фаворит" фильмін түсірген грек Йоргус Лантимосқа табыстады. Үздік актер атағын "Ван Гог: Мәңгілік табалдырығында" фильміне түскен Уиллем Дефо алса, әйелдер арасынан "Фаворит" фильмінде ойнаған Оливия Колман үздік атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети