Ресейде өтетін кинофорумда "Біздің қаланың ханзадасы" атты қазақстандық туынды көрсетіледі

30 Сәуір, 13:32
0
Ресейде өтетін кинофорумда "Біздің қаланың ханзадасы" атты қазақстандық туынды көрсетіледі - © kazakhfilmstudios.kz
© kazakhfilmstudios.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында ("Адигул продакшн" компаниясының қатысуымен) түсірілген "Біздің қаланың ханзадасы" атты көркем фильмі Халықаралық "Алтын Витязь" кинофорумында конкурстан тыс көрсетіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кинофорум 2019 жылғы мамыр айының 22-інен 31 аралығында Севастополь қаласында өтеді. Фильмнің режиссері Талғат Теменов конкурстың қазылар алқасы мүшесі ретінде фестивальге шақырту алған.

"Адамдар арасындағы бөлтірік", "Қызғыш құс", "Махаббат станциясы" атты фильмдерімен халыққа танылған Талғат Теменовтың бұл туындысы - балалар үйінің тәрбиеленушісі және қарттар үйінде өмір сүретін қария туралы.  

Еске салайық, фильмде басты рөлді сомдаған актер Төлеубек Аралбай 2018 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткізілген кинофестивальдің "Ер адам рөлін үздік сомдағаны үшін" аталымын жеңіп алған-ды. Сонымен қатар, картина II халықаралық "Еуразиялық көпір" атты кинофестиваліне негізгі конкурсына қатысқан. 

Халықаралық "Алтын Витязь" жыл сайын өтетін және рухани-өнегелік мәні бар киноны дәріптейтін фестиваль. Негізін 1992 жылы Ресей артисі Николай Бурляев құрған бұл фестиваль кинематография саласы үздіктерінің басын қосып, "Рухани-өнегелік идеалдарға қызмет ету" ұранымен өтеді. "Алтын Витязь" фестивалінің қамқоршылары - Мәскеу және барша Русь Қасиетті Патриархы Кирилл, Ресей мәдениет қорының және РФ кинематографистер одағының төрағасы, Ресей халық артисі Н.С. Михалков, РФ мәдениет министрі В.Р. Мединский, Севастополь қаласының губернаторы Д.В. Овсянников. "Алтын Витязь" кинофорумы 28 жыл бойы Ресейде, Украинада, Белоруссияда, Сербияда, Приднестровьеде өткізілген.  

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай