24 қаңтар 2017 16:44

Роза Рымбаева алғаш рет фильмге саундтрек жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роза Рымбаева алғаш рет фильмге саундтрек жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа туынды "Келинка тоже человек" отбасылық комедиясында орындалады. Айта кетейік, фильмнің алғашқы көрсетілімі 23 ақпанға белгіленген.


Роза Рымбаева алғаш рет фильмге саундтрек жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа туынды "Келинка тоже человек" отбасылық комедиясында орындалады. Айта кетейік, фильмнің алғашқы көрсетілімі 23 ақпанға белгіленген.

Роза Рымбаева ұлы Әли Оқапов жазып берген әнді орындады. Қазақстандық әнші бірінші рет саундтрек жазып отыр екен. Сондай-ақ, кейінірек осы туындыға бейнебаян түсіру жоспарда бар екені айтылады.

Сонымен қатар, әнші қайтыс болған күйеуі Тасқын Оқаповтың әке-шешесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтып берді.

"Мен тым жас болдым, көп дүниені түсінбедім. Қайын атам мен енемнің даналығы - олардың біздің қарым-қатынасымызға ешқашан араласпауында. Біз шығармашылықпен айналыстық, үнемі гастрольдерде жүретінбіз. Содан бір сәт тауып, демалысқа ауылға бардық. Олар маған сүйіспеншілікпен қарайтын. Себебі мен өзімді кішкентай қыз сияқты ұстайтынмын. Бірақ қазір осыған кішкене өкінемін, себебі олар дүниеден озды. Өзімнің сол кездегі қылықтарымды еске ала отырып, олардың мен ештеңе істемесем де сол үйде қонақ болғанымды және әрдайым еркелеткенін түсініп отырмын. Біз оларға қонаққа барғанда бүкіл ауыл мені келін ретінде емес, Роза Рымбаева ретінде қарсы алатын! Олардың маған деген махаббаты мен құрметі осындай болды. Олар мені осылай еркелететін. Бірақ, әрине, қайын атам мен енем бізге Алматыға келгенде оларды күтіп, дастархан жайып отыратынмын. Алматыда нағыз келін болатынмын", - деп еске алды Роза Рымбаева.


© Tengrinews.kz

"Мен отбасымды бақытты деп санаймын. Ана болдым, екі ұлым да өсті, екеуі де шығармашылықпен айналысады. Сондықтан мен бақытты отбасы жайлы ән айтуға құқығым бар деп есептеймін. Жалпы, отбасын құру - үлкен жауапкершілік. Ол жауапкершілік тек менің балама емес, сондай-ақ, менің келінім мен өзіме де жүктеледі. Мен де ана ретінде жауапкершілікті мойныма аламын. Жастардың арасында қандай да бір қиындықтар туса, мен оларды бірден дұрыс жолға бағыттауым қажет", - деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, "Келинка тоже человек" фильмі бір шаңырақ астында тұратын ене мен келіндердің қарым-қатынасын көрсетеді. Сондай-ақ, фильмде олардың отбасында түсініспеушілік пен реніштер болатыны көрсетіледі. Ал фильмдегі басты рөлдерде Әбунасыр Серіков, Данагүл Темірсұлтанова, Әсел Сәдуақасова, Данияр Алшынов пен Әмина Малғаждар ойнайды.

Картина продюсерлері - Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова, режиссері - Асқар Ұзабаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети