Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Санжар Мәдиев белгілі әнші Әміре Қашаубаевтың ролінде ойнайды

09 Тамыз 2016, 13:05
0
© "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі
© "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

"Қазақфильм" киностудиясы 1925 жылы Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған жаңа көркем фильмді түсіруді қолға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, кинопродюсер және инвестор  Әлидар Өтемұратов Голливудтың танымал продюсерлері - Кери Гранат (Cary Granat) және Оскар жүлдесінің иегері Эд Джонспен бірлесе отырып "Әміре" атты (жұмыс атауы) киножобаны түсіруді қолға алды.

2017 жылы халықаралық прокатқа шығаруға жоспарланған "Әміре" киножобасы копродукция негізінде, яғни Қазақстан мен АҚШ-тың бірлесе отырып шығаратын алғашқы жобасы болмақ.

Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes шеңберінде өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әміре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді. Фильм, сондай-ақ, дарынды әншінің Мұстафа Шоқаймен кездесуі, джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен танысуы және туған жеріне оралғанда басты кейіпкердің бастан кешкен сынақтары туралы сыр шертеді.

Фильмде Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы "Балқадиша", "Сұржекей", "Үш дос", "Дударай", "Жалғыз арша", "Бес қарагер", "Ағаш аяқ" және "Əй-əй бөпем" әндері орындалады. Шілде айының соңында Латвияның Рига қаласында басталған түсірілім жұмыстары қыркүйек айында Алматы қаласында жалғасады.  

Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa), оператор – Максим Осадчий ("9 рота", "Сталинград") бар. Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Мәскеу кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясында жеңіске жеткен Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдайды. Сонымен қатар британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және "Область тьмы" фильмі арқылы танылған америкалық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) сынды басқа да актерлер қатысады.

Фильмнің атқарушы продюсерлері - Әсет Кенжебаев және Анна Чакиртова. Тарихи кеңесші - Әміре Қашаубаев туралы бірнеше еңбектердің авторы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімов. Музыкалық продюсері - "The Magic of Nomads" жобасының авторы әрі жетекшісі Ғазиза Ғабдрахимова. Қоюшы суретші - Екатерина Залетаева, костюм бойынша суретшілер - Әсел Шалабаева және Дайва Петрулите.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай