17 қыркүйек 2014 16:56

Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Топжарған" кітап-эссесі. ©Tengrinews.kz "Топжарған" кітап-эссесі. ©Tengrinews.kz

"Қазақфильм" киностудиясында КРСО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап-эссенің атауы – "Топжарған", - деп хабарлайды   Tengrinews.kz. Шәкен Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы Баянауылда дүниеге келген. 


"Қазақфильм" киностудиясында КРСО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап-эссенің атауы – "Топжарған", - деп хабарлайды   Tengrinews.kz. Шәкен Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы Баянауылда дүниеге келген. 

Екі тілде жарық көрген кітап Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойына арналды. Кітапта белгілі кинематографистің азаматтық, шығармашылық ұстанымдары, философиялық көзқарастары, өмірлік қағидалары жазылған. Тұсаукесерге Аймановтың жақын туыстары, әріптестері, атақты киногерлер, сондай-ақ Алматыда өтіп жатқан "Еуразия" фестиваліне шетелден келген қонақтар қатысты. 

"Оның өзгелерден ерекшелігі ол үнемі көңілді жүретін кісі еді. Ол кісімен жұмыс істеу бір жағынан жеңіл болса, екіншіден күрделі болатын. Оны ешқашан алдауға болмайтын. Шәкен Кенжетайұлы актердің шын көңілмен ойнап тұрмағанын бірден сезетін", дейді белгілі актер Асанәлі Әшімов аты аңызға айналған режиссер жайлы. 

Тұсаукесер барысында Шәкен Аймановтың сирек кездесетін суреттері жинақталған альбом көрсетілді. Сондай-ақ кинофестиваль аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылған екен, соның ішінде Болат Нүсімбековтың деректі фильмінің де премьерасы көпшілік назарына ұсынылды. 

Шәкен Аймановтың шығармашылық жолы 1933 жылы басталды. Айманов 1932 жылы Қазақ драма театрына  жұмысқа қабылданған болатын. Ол алғашында театр сахнасында бірқатар рөлдерді ойнады. Көп ұзамай классикалық пьесалар бойынша қойылған спектакльдерде басты рөлдерді шебер орындауымен көпшілік көзіне түседі. Әсіресе оның орындауындағы Ақан сері, Қобыланды, Сатин, Петруччо, Отелло рөлдері ұлттық театр тарихында өшпес із қалдырды. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып, спектакльдер қояды.

1947-51 жылдары қазіргі Қазақ академиялық драма театрының бас режиссері болды. "Абай әндері" (1945), "Жамбыл" (1947) көркем фильмдерінде күрделі экрандық бейнелерді сомдады. 1953-70 жылдары "Қазақфильм" студиясының көркемдік жағын басқарып, қазақ кино өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Оның қойған көркем фильмдері: "Махаббат туралы аңыз" (1953), "Алдар көсе" (1965), "Атамекен" (1966), "Найзатас баурайында" (1968). Көрермен қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер" (1958) мен "Тақиялы періште" (1969) фильмдері ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді. Оның соңғы қойған "Атаманның ақыры" (1970) фильмі режиссер Айманов шығармашылығының биік шыңына айналды. Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның ресми күнтізбесіне енген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети