"Сұлу мен Құбыжық" фильмі неліктен қазақстандық прокатқа шықпады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Меломан" компаниясындағылар "Сұлу мен Құбыжық" фильмі неліктен қазақстандық прокатқа шықпай жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл фильм қазақстандық прокатқа ресми түрде 2017 жылдың 16 наурызында шығу керек болатын.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Меломан" компаниясындағылар "Сұлу мен Құбыжық" фильмі неліктен қазақстандық прокатқа шықпай жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, бұл фильм қазақстандық прокатқа ресми түрде 2017 жылдың 16 наурызында шығу керек болатын.

Белгілі болғандай, мюзикл әлі күнге дейін прокатқа шығару куәлігін алмаған. Бұл құжатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі беруі тиіс екен. Алайда ведомстводағылар "Сұлу мен Құбыжық" фильміне қатысты шешім қабылдамаған болып шықты. Министрліктегілердің айтуынша, фильмді прокатқа шығару үшін берілетін куәлік әлі күнге дейін берілмеген және заң бойынша олар бұл өтінішті жеті күн ішінде қарастырады екен.

"Меломан" бас директоры Вадим Голенконың айтуынша, қазіргі уақытта фильмге рұқсат алу үшін барлық шара қолданылып жатыр. "Кейбір қазақстандық БАҚ-тардың мәліметінше, фильмді гомосексуализмді насихаттағаны үшін прокатқа шығармай жатыр. Біз Disney cтудиясына өтініш жібердік. Яғни, біз олардан ресейлік сарапшылардың фильмнің гомосексуализмді насихаттамайтыны жайлы қорытындыны жіберуді сұрадық. Қазіргі уақытта біз мәдениет министрлігіндегілер мен Ғылыми-зерттеу инстиутындағылармен байланыстамыз. Осы аптаның соңына дейін қандай да бір шешім қабылдануы қажет. Картинаның барлық нұсқасы кинотеатрларда дайын тұр", - деді компания директоры.

Сондай-ақ, Голенко Ресейдің қазіргі уақытта фильмді 16+ индексімен шығаруға рұқсат бергенін айтып өтті. Ол министрліктің осы фильмді 12+ индексімен шығаруға рұқсат береді деп сенеді. "Қазақстандықтардың осы фильмді көруі біз үшін өте маңызды. Онымен қоса, біз фильмді Наурыз мейрамына қарай дайындаған едік. Фильм прокатқа шығады деген сенімдеміз, бірақ кешірек шығуы мүмкін. Аптаның соңында дейін прокатқа шығару куәлігін аламыз деп сенемін", - деді бас директор.

Еске сала кетейік, осыған дейін елімізде "Сұлу мен Құбыжық" даулы фильмін балаларға көрсетуге тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған болатын. "Меломан" компаниясынан кеше, 14 наурызда түстен кейінгі уақытта өтініш келіп түсті. Фильмнің атышулы болғанын есепке алып, фильмнің таныстырылымына министрлік қызметкерлері қатысады, олар көріп шыққаннан кейін шешім шығарады, - деген еді Жаманқұловтың ісі бойынша соттың үзілісінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Күміс Сейітова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer