17 ақпан 2015 | 15:26

"Сұрдың елу реңі" Қазақстанда алғашқы демалыс күндері 380 миллион теңге жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сұрдың елу реңі"фильмінен алынған кадр. "©Film.ru "Сұрдың елу реңі"фильмінен алынған кадр. "©Film.ru

Премьерасы 12 ақпанда болған "Сұрдың елу реңі" фильмі Қазақстанда алғашқы демалыс күндері 380 миллион теңге жинады, - деп хабарлайды Idea-Lab.kz. Ал әлем бойынша 12-15 ақпан аралығында картина рекордтық көрсеткішке қол жеткізді - 239 миллион доллар. Осылайша бұл фильм бірінші аптада 69 миллион доллар жинаған "Ымырт" сагасының бірінші бөлімінен асып түсті. 

Иконка комментария блок соц сети

Басылымның хабарлауынша, өткен аптада прокатқа шыққан тағы бір фильм "Kingsman: Құпия қызмет" 64 миллион теңге жинады. Ал әлем бойынша 79 миллион теңге жинады. Ал үшінші орынға "Восхождение Юпитер" картинасы ие болды. Бұл фильм 50 миллион теңге пайда тапса, екі апта ішінде бұл сома 137 миллионға өскен. Төртінші орында - "Сорғыш Боб". Қазақстанда мультфильм 45 миллион теңге, ал әлем бойынша 140 миллион теңге жинады.   

Еске сала кетейік, "Сұрдың елу реңі" фильмі 11 ақпанда Берлин кинофестивалінде таныстырылды. Фильм Қазақстан прокатына 12 ақпанда шықты. Ағылшын жазушысы Эрика Леонард Джеймстің "Сұрдың елу реңі" романы миллиардер Кристиан Грей (Джейми Дорнан) мен студент Анастейша Стилдың (Дакота Джонсон) қарым-қатынастары туралы баяндалады. Осыған дейін фильмнің жұлдызы Джейми Дорнанның ең көрікті еркектердің ТОП-50 тізімінде көш бастағаны жайлы хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети