04 ақпан 2015 19:33

Жылдың ең көрікті 50 еркегі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джейми Дорнан. ©REUTERS Джейми Дорнан. ©REUTERS

"Сұр түстің 50 реңкі" фильмінің 32 жастағы жұлдызы, ирланд Джейми Дорнан жылдың ең сымбатты ер адамдарының ТОП-50 рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды NEWSru.com ақпарат порталы. Ағылшын жазушысы Эрика Леонардтың романы бойынша түсірілген эротикалық Кристиан Грейдің кинодрамасында бақуатты азғырушының ролін сомдайды. Фильм экранға 14 ақпанда - Валентин күні шығады.  

Glamour әйелдер журналының наурыз айында шыққан нөмірінде жылдың ең тартымды жігіттерінің толық тізімі жарияланды. Тізім басылымның шамамен 80 мың оқырманынан алынған сауалнама бойынша жасалып отыр. Порталдың мәліметінше, Glamour журналының оқырман әйелдері "Сұр түстің 50 реңкі" фильмінің жұлдызын YouTube ресурсына жүктелген азғын роликтеріне қарап бағалаған көрінеді. Рейтингте екінші орынды 38 жастағы ағылшын актері Бенедикт Камбербэтч тұр. Ол BBC телеарнасында көрсетілген "Шерлок" атты телехикаясында Шерлок Холмстың ролінде ойнады. Ол, сонымен қатар, "Имитация ойыны" тарихи драмасында Алан Тьюрингтің ролін сомдады. 

Үздік үштікті 33 жастағы ағылшын Том Хиддлстон қорытындылады. Ол "Көңілдестер ғана тірі қалады" қанішерлер кинодрамасындағы Адам болып есте қалды. Рейтингте "қанішерден" кейінгі орынды осы рейтингтің көп жылдан бергі көшбасшысы Роберт Паттинсон алды. Бестікті "Болат адам" фильмінде Суперменнің ролінде ойнаған актер Генри Кавилл қорытындылады.

Айта кетейік, бұдан кейінгі орындарда 30 жастағы актер Тео Джеймс, 21 жастағы ағылшын әншісі Гарри Стайлз, 26 жастағы Джейми Кэмпбелл Бауэр, актер әрі әнші Джаред Лето және америкалық әнші Фаррелл Уильямс көрінді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети