25 ақпан 2014 12:52

"Суыр күні" фильмінің режиссері Рэмис қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Харольд Рэмис. Фотосурет: blogs.indiewire.com-нан алынды Харольд Рэмис. Фотосурет: blogs.indiewire.com-нан алынды

Америкалық режиссер, әрі сценарист Харольд Рэмис 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Харольд Рэмис өзінің Чикагодағы үйінде қайтыс болды. Оның қайтыс болуына соңғы уақыттарда аутоиммун васкулит ауруының асқынып кетуі әсер етсе керек. Харольд Рэмис бұл ауруды алғаш рет 2010 жылы жұқтырса, ал 2011 жылдың соңында ол ауруға екінші мәрте шалдыққан. Өмірден өтерден шақ қалғанда ол тіпті жүруден қалып, төсек тартып жатып қалған. Харольд Рэмис 1944 жылы Чикагода өмірге келген. Ол еңбек жолын 1970 жылдары кино саласында сценарист ретінде бастаған. Ал "Елестерді аулаушылар" фильміндегі Игона Спенглер рөлін сомдағаннан кейін оның танымалдығы арта түскен. 1993 жылы өзінің төл туындысы "Суыр күні" фильмін түсіріп, BAFTA сыйлығының "ең үздік сценарий" аталымы бойынша жеңімпаз болғанын атап өткен жөн. Ол сондай-ақ, "Ананы сарапта", "Мынаны сарапта" және "Арманға құштарлық" комедиясында режиссер, әрі сценарист ретінде жұмыс істеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети