1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Кино

Танымал өзбек актрисасы коронавирустан қайтыс болды27 тамыз 2020, 09:13

© YouTube/Видео кадры © YouTube/Видео кадры

Өзбек ұлттық академиялық драма театрының актрисасы, Өзбекстанның халық әртісі Дибльбар Икрамова 25 тамызда 73 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың мәдениет министрлігіне сілтеме жасап. 

Podrobno.uz тілшісінің мәліметі бойынша, актриса коронавирус жұқтырғаннан кейін қайтыс болған. 

Дильбар Икрамова 1947 жылдың 17 шілдесінде Ташкент облысында дүниеге келген. 1970 жылы Ташкент мемлекеттік өнер институтын тәмамдаған. 

Ол "Ай тұтылған түнде", "Үйлену", "Алтын қабырға", "Горизонт" және басқа да қойылымдарда ойнаған.

1980 жылдан бері белсенді түрде киноға түскен, қырыққа жуық фильмі бар. Ол "Келіндер бүлігі", "Шариф пен Мариф", "Жалғыз естелік", "Ғашықтар", "Сатқындық" және басқа фильмдердегі рөлдерімен танымал.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда 39 964 адам коронавирус жұқтырған, оның ішінде 36 402 науқас аурудан жазылса, 291-і қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!