14 сәуір 2015 10:04

"Терминатор" фильмінің бесінші бөлімінің орысша трейлері шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©facebook.com/ParamountRussia ©facebook.com/ParamountRussia

Paramount Pictures америкалық киностудиясының ресейлік бөлімшесі Facebook желісіндегі парақшасында "Терминатор: Генезис" кинофильмінің орыс тіліндегі ресми трейлерін жариялады. Трейлердің премьерасы "Ақыр заманды тоқтататын уақыт келді" деген сөзбен басталады.

"Терминатор: Генезис" фильмінің оқиғасы 2029 жылы болады. Сюжет бойынша, Джон Коннор анасын құтқарып, Джонның тірі қалуына септігін тигізу үшін өзінің сенімді сержанты Кайл Ризді өткен шаққа жібереді. Бірақ оның ойластырған жоспарын "уақыттың сынуы" бұзады. Солдат өткен шақтың жаңа, таныс емес нұсқасына өтіп кетеді. Тоғыз жасында жетім қалған Сара Коннорды Терминатор тәрбиелейді (Арнольд Шварцнеггер), қызды құтқару оған үшін арнайы бағдарлама жазылған. Сара қарсы болса да, Терминатор оны мықты болуға тәриелеп шығады. Олар бірлесіп, жаңа жауларымен соғысуы керек болады. Олардың жаңа миссиясы - болашақты қайта жазып шығу. 

Ресейде "Терминатор" фильмі 2015 жылдың 2 шілдесінде прокатқа шығады. Шварценеггерден бөлек, басты рольдердің бірін "Тақтар ойыны" ("Игра престолов") хикаясының жұлдызы Эмилия Кларк ойнайды. Фильмнің ағылшын тіліндегі ресми нұсқасы өткен жылдың желтоқсан айында шығып қойған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети