18 қыркүйек 2021 13:24

Тимур Бекмамбетов қазақстандық кино туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Бекмамбетов. Фото ©РИА Новости Тимур Бекмамбетов. Фото ©РИА Новости

Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов "Жетінші арнадағы" "Студия 7" бағдарламасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов "Жетінші арнадағы" "Студия 7" бағдарламасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Режиссер жүргізуші сұрақтарына жауап бере отырып, қазақстандық киноның болашағы туралы айтты. Оның айтуынша, өз мәдениетін танымал ету - кез келген ұлттық киноның міндеті. Адамдарды мазалайтын мәселелер туралы түсіру керек.

"Қазақстандықтарды әлемдегі барлық адамды алаңдататын нәрсе мазалайды. Біздің үнділерден, қытайлардан, америклықтардан еш айырмашылығымыз жоқ. Сондықтан, тек өзіміз туралы, өз проблемаларымыз бен армандарымыз туралы (түсіру керек)", - деді Тимур Бекмамбетов.

Сонымен қатар, ол әзіл ретінде ғарышта келіндер туралы фильм түсіруді ұсынды.

Сұхбаттың толық нұсқасын видеодан тамашалай аласыздар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)

Тимур Бекмамбетов Гурьевте (қазіргі Атырау) дүниеге келген. "Ночной Дозор" және "Дневной Дозор" фильмдерімен танымал. 2008 жылы Голливудта Анджелина Джоли қатысқан "Особо опасен" фильмін түсірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети