07 қараша 2015 13:41

Тоқтар Әубәкіров жайлы фильм 2016 жылдың соңында шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқтар Әубәкіров жайлы фильм 2016 жылдың соңында шығады. © Azattyq.org Тоқтар Әубәкіров жайлы фильм 2016 жылдың соңында шығады. © Azattyq.org

Қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жайлы деректі фильм 2016 жылдың соңында шығады. Бұл туралы Tengrinews TV тілшісі картина режиссері Сламбек Тәуекел айтып берді.


Қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жайлы деректі фильм 2016 жылдың соңында шығады. Бұл туралы Tengrinews TV тілшісі картина режиссері Сламбек Тәуекел айтып берді.

Оның айтуынша, картина Тоқтар Әубәкіровтің 70 жылдық мерейтойына және Тәуелсіз Қазақстанның ғарышқа ұшуына 25 жыл толуына арналған. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер туралы деректі фильмнің түсірілім жұмыстары биыл сәуір айында басталған, бірақ қаржылай қиындықтардың кесірінен тоқтап қалған. Қазіргі уақытта түсірілім жұмыстары қайта жаңғырып, жыл соңына дейін жалғасын табады. 2016 жылы, Тәуелсіздік күні қарсаңында көрермендер деректі фильмді телеэкрандарында көре алады.  

Режиссердің айтуынша, картинаның хронометражы 52 минут немесе 26 минуттан тұратын екі серия. "Біз деректі фильм түсіріп жатырмыз - негізінен қазақтың бірінші ғарышкерінің өмірбаяны. Себебі 70 жас - мерейтой. Картина осы адамның биографиясымен байланысты, оның тұлға болып қалыптасуы жайлы. Көрерменге айтарымыз бар. Өкінішке қарай, деректі фильмде прокат болмайды. Мұндай киноны тек телевизиялық экраннан көруге болады. Сондықтан біз оны телевизиялық форматтың негізінде жасап жатырмыз. Фильм Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Қазақфильм" АҚ киностудиясында түсіріліп жатыр", - деді режиссер. 

Оның айтуынша, таяуда ол Тоқтар Әубәкіровпен бірге Мәскеуге ұшады. Ал ғарышкердің өміріндегі маңызды жерлер Австрия мен Грузияға баруға түсірілім тобының қаражаты жоқ. "Жұмысты кеш бастадық және қаражат жоқ. Бірақ бәріміз энтузиастпыз және оны әрбір қазақстандыққа жеткізгіміз келеді", - деді Тәуекел.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети