Уилл Смит "Оскардағы" әрекеті туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уилл Смит "Оскардағы" әрекеті туралы пікір білдірді © Reuters

Америкалық актер Уилл Смит сахнадағы әрекеті үшін кешірім сұрады. Ол "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімінде жүргізуші Крис Рокты шапалақпен ұрып жіберген болатын. Голливуд жұлдызы Instagram-парақшасында оқиғаға қатысты пікірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық актер Уилл Смит сахнадағы әрекеті үшін кешірім сұрады. Ол "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімінде жүргізуші Крис Рокты шапалақпен ұрып жіберген болатын. Голливуд жұлдызы Instagram-парақшасында оқиғаға қатысты пікірін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кез келген түрдегі зорлық-зомбылық улы және жойқын. Кеше түндегі мінез-құлқым ерсі және кешірілмейді", - деп жазды Смит.

Ол өз тарапына айтылған әзілдерді тыңдау актерлік жұмысының бір бөлігі екенін, бірақ әйелінің денсаулығына қатысты ескерту эмоциялық реакция тудырғанын айтты.

"Крис, сенен көпшілік алдында кешірім сұраймын. Мен шектен шықтым, менікі қате болды. Өз ісіме ұяламын... Махаббат пен мейірімділік әлемінде зорлық-зомбылыққа орын жоқ", - деп жазды Смит.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Will Smith (@willsmith)

Актер америкалық киноакадемиясынан, шоуды ұйымдастырушылардан және жиналғандардан, сондай-ақ көрерменнен кешірім сұрады.

Уилл Смит жексенбіде Лос-Анджелестегі 2022 жылғы "Оскар" сыйлығында теннисшілер Винус пен Серена Уильямстың балалық шағы туралы "Король Ричард" фильмі үшін "Үздік ер адам ролі" жүлдесін жеңіп алды.

Оқиға "Оскар" жеңімпаздарын мараттау кешінде Крис Рок Смиттің әйелі Джейда Пинкетт-Смиттің шаш үлгісіне әзілдегеннен кейін болды. Бұған дейін Пинкетт-Смит шашы түсіп жатқаны туралы айтқан болатын, ол осы рәсімге шашын тақырлап алып тастап келді. Осы сөздерден кейін Уилл Смит сахнаға шығып, әріптесінің бетінен шапалақпен ұрады. Актер орнына оралғаннан кейін ол Рокқа әйеліне абайлап сөйлеу керек екенін айтып айғайлайды. 

CNN арнасының мәліметінше, АҚШ киноакадемиясы Уилл Смиттің әрекетіне қатысты тергеу бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети