Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Выживший" фильмінің режиссері Алехандро Иньярриту "Алтын глобус" жүлдесін алды

11 Қаңтар 2016, 10:05
1
Алехандро Иньярриту. © timeout.ru
Алехандро Иньярриту. © timeout.ru

Режиссер Алехандро Иньярриту "Выживший" фильмі үшін "Алтын глобус" жүлдесін алды, - деп хабарлайды AFP. Бұл аталымда Тодд Хейнс ("Кэрол"), Том МакКарти ("В центре внимания"), Джордж Миллер ("Безумный Макс: Дорога ярости") және Ридли Скотт ("Марсианин") картиналары ұсынылды.

"Алтын глобус" жүлдесінің тұжырымы бойынша 2015 жылдың үздік сериалы атағына "Мистер Робот" лайық деп танылды. Бұл атаққа "Игра престолов", "Чужестранка", "Нарко" және "Империя" фильмдері таласқан еді. Ал Леди Гага өз кезегінде "Американская история ужасов. Отель" минисериалындағы ролі үшін Голливудтың шетелдегі басылымының Ассоцияциясының сыйлығын алды.

Венгрдің "Сын Саула" картинасы "шет тіліндегі үздік фильм" аталымында "Алтын глобусты" жеңіп алды. Бұл категорияға Түркияның, Францияның және Катардың бірлесіп түсірген "Мустанг" фильмі, Чилидің "Клуб" картинасы, Финляндия мен Эстонияның бірлесіп түсірген "Фехтовальщик" фильмі және Бельгияның "Новейший Завет" картинасы кірген еді. 

Еске салайық, "Алтын глобус" сыйлығы 1942 жылдан бастап беріліп келеді. Бұл - АҚШ-та кино және телевизия саласындағы ең үздік жұмыстар үшін журналистер тобына тапсырылатын сыйлық. Ассоциацияға 55 елдің 90-нан аса репортері кіреді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай