Жарайсың, Гүлсана! Өмірдің ауыртпалығына қарамай, науқас балаларға өнер үйретуге тырысқан ақ адал ниетіңе шапағат молынан болсын! Балапандарыңмен бірге көрер қызығың ортаймасын!
Жарайсың, Димаш! Нағыз қазақтың асыл текті ұлысың. Мынау мазасыз өмірге нұрлы сәуле беріп, адамдарға жақсылықтың, тазалықтың, тектіліктің, өнердің қандай болатынын барлық болмысыңмен танытып келесің, құлыншақ! Бағың ұзағынан болсын!
Галстукты кимейді, тағады. Қазақтың сөзін бұрмаламай жазыңыздаршы, өтініш. Сырғаны, жүзікті, білезікті тағады, галстукті де тағады. Олар киім емес қой киіп алатындай. Домбырада ойнайды деп жазбаңыздар. Домбыра, гитара, қобыз, сырнай, тб бәрін тартады деп жазыңыздар.