13 ақпан 2020 11:22

Баян жаңа қырынан танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атышулы продюсерді емес, музыкалық аспапты айтып отырмын. Бәрін басынан бастайын... Биыл мерейтойға кенде емеспіз: әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Хәкім Абайдың 175 жылдығы, тіпті, волонтерлар жылы.


Атышулы продюсерді емес, музыкалық аспапты айтып отырмын. Бәрін басынан бастайын... Биыл мерейтойға кенде емеспіз: әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Хәкім Абайдың 175 жылдығы, тіпті, волонтерлар жылы.

Бірде қала көшелерінен Ғалымжан Нарымбетовтың концертінің афишасын көрдім. Білуімше, баянның сүйемелдеуімен болатын шығармашылық жеке кеш Қазақстанда тұңғыш рет. Бұл домбыра, қобыз сияқты ұлттық аспаптарды жақсы көретін мені қызықтырып қойды. Бардым... Көзге бірінші түскен нәрсе: концерт залының жарығы төмен, ал акустикасы нашар екен. Тіпті, сахна кешке лайықталып безендірілмепті. Алайда зал көрерменге лық толды. Бір сәтте ойым өзгеріп сала берді... 

Виртуоз-баянистің Иоганн Себастьян Бахтан бастап, Вячеслав Черников, Петр Макконен, Вычеслав Семенов т.б. туындыларын баянда орындауы ерекше тың дүние болды. Әсіресе, симфониялық оркестр мен баян үйлесім тауып, бір деммен орындалған туынды менің есімде айрықша сақталып қалды.  Сонымен қатар кеш қонақтарының бірі - белгілі әнші Олег Татамировтың Абайдың "Көзімнің қарасын" көрерменмен қосылып орындауы да тамаша әсер сыйлады. Бұл кештің "бомбасы" -  баян, қыл қобыз, рояль және домбыра үнімен тоғысқан ЭКСКЛЮЗИВ күй тартыс. Міне, нағыз шедевр!

Ғалымжанның құшағын толтырған әдемі гүлдер, аяусыз соғылған шапалақ, көрерменнің ыстық ықыласы - кештің өз деңгейінен жоғары өткенінің айғағы.

Менің көзіме түскен сахнаның "жұпынылығы" білінбей де кетті. Музыканың көзге көрінбес сән-салтанаты олқылықтың орнын толтырды. Ғалымжан - нағыз виртуоз.

Ғалымжан Нарымбетов 1985 жылы Ақтау қаласында туған. А.Жұбанов атындағы музыка мектебін бітірген. Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы. Халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты, әлем кубогінің иегері, Италия, Франция, Ресей Федерациясында өткен өнер байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы. 

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкері Мөлдір Әбдірахман 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети