КСРО ыдырағаннан кейін басқа елдердің арасынан біздің мемлекеттің басы істеп, шекара мәселесін көп ұзартпай бекітіп алған әрекеттің қазір қызығын көріп жатырмыз деуге болады.
Оныңыз рас, тек елім, жерім деп шынғырып қана қоймай, дұрыс әрекетпен көрсете білуіміз керек. Ол дегеніміз табиғатқа демалуға шыққанда қоқыстарымызды тастамай, ағаштарды жұлмай, киелі аңдарды ауламай, керісінше ағаш отырғызып, жерімізді көркейтуге бар күшімізді салу керекпіз.
Өте жақсы айтылған сөздер. Басқа біреулермен күрескенше, ең алдымен өзімізбен күресіп алуымыз керек. Жерімізді ластамай, қоршаған ортаны қоқыстамай өз жерімізді құрметтеп, сыйлауды үйренгеніміз дұрыс.