Әй, қазағым-ай! Мынаны тіл маманы айтып тұр ма? Мен де онда тіл маманы ретінде айтайын. Қазақ тіліндегі ырықсыз етіс заңдылығын әлі ешкім қоқысқа тастаған жоқ. Ана туады, бала туылады. Ана туған, бала туылған. Демек, баланың туылған күні болады. Ол тумайды, өйткені, қолынан келмейді. Сосын не істейді ол? Амал жоқ туылады )). Ал ол кісі келтірген мысалдардағы қазақ ақындары айтқан сөздер олардың өздері жазған өлең буындарын дұрыс келтіру үшін қысқартылып айтылған, оның үстіне туылған деп шұбалтып жатқаннан гөрі туған деп қысқарта салуды жалқау қазақтың келесі бір тірлігі ме деп ойлаймын. Біз бұл қалыппен кете беретін болсақ, "бара жатыр" сөз тіркесін "баратыр", "келе жатыр"-ды "келятыр" деп жазатын боламыз.