Өткен жылы Түркістан облысында 1 миллион 300 мыңнан астам турист келген. Облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының мәліметінше сол туристердің басым көпшілігі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия, АҚШ, ҚХР, Германия және Италия азаматтары екен. Шетелдіктерден бөлек өзіміздің Қазақстанның барлық ай-мағынан шипажайларға, тарихи орындарға келушілер көп. Демек, туризм Оңтүстік үшін таптырмас табыс көзі болғалып тұр.