Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

Халықтың талғамы өсіп келеді

30 Қараша 2015, 09:33
0

"Меломен" тобының әншісі Жігер Ауыпбаевпен сұхбаттасудың реті келіп, көкейімізде жүрген бірнеше сауалға жауап алдық. Жігер топтың жаңалықтарын, алға қойған жоспарларын бөлісті. Сонымен қатар, ол қазақстандық эстраданың қазіргі күйіне баға беріп, доллар бағамының өсуі өздеріне қалай әсер еткенін айтып берді. "Меломен" тобының әншісі МС Сайлаубек қазақтың жүрегінен орын алуы үшін не істеу керек екеніне де тоқталып өтті.

TENGRINEWS: Сәлеметсіз бе, Жігер мырза? Алғашқы сауалымызды "Меломен" тобындағы жаңалықтардан бастасақ.
Жігер Ауыпбаев :

"Меломен" тобында біраз жаңалық бар. Осыдан бір жыл бұрын Adina Production орталығының бастамасымен комедиялық жанрдағы "72 сағатта үйлену" атты фильм түсіріп бастадық. Сол фильмде мен басты рольді сомдадым. Картина елорданың аруына ғашық болған астаналық студенттің қызықты оқиғалары жайлы. Осы фильмге саундтрек ретінде "Меломен" тобы "Қазақ қызы" деген ән жаздырды, бейнебаян түсірді. Жақын арада экраннан тамашалай аласыздар. "Сүйгенім бол" атты әнімізді халыққа ұсындық. Әзірше аяқ алысы жаман емес. Ең басты жаңалығымыз - алдағы жылы көктемде Республика сарайында "Меломен" тобының үлкен концертін беруді жоспарлап отырмыз.

TENGRINEWS: Топтың құрылғанына 5-6 жыл болды. Осы уақыт ішінде неше әнжинақ, неше ән жаздырдыңыздар?
Ж. Ауыпбаев :

Қоржынымызда 40-50 шақты ән бар. Оның ішінде "О, махаббат", "Арман шағала", "Неге жылайды ару" және МузАрт тобымен айтқан "Келеді кездескім" әндері халықтың көңілінен шығып, кең таралды. Сәкен Майғазиевпен "Өмір заңы" атты ән жазылды. Ол "Болашақ" атты фильмге саундтрек ретінде алынды. Алтынбек Қоразбаев ағамызбен "Әке мен бала" атты ән жаздырдық. Алдағы уақытта жаңа әндер жазу жоспарда бар. Альбомға келер болсақ, әзірше "О, махаббат" атты бір ғана әнжинағымыз бар.

TENGRINEWS: Басқа тілде ән айтасыздар ма? Жалпы осыған қалай қарайсыздар?
Ж. Ауыпбаев :

Өзге тілді білу, өзге тілде ән айту артық етпейді. Ән қоржынымызда орыс тіліндегі попурри бар. Болашақта бізді әлем елдері тыңдасын деген ниетпен әндерімізді түрік, ағылшын тілдерінде орындап қалуымыз мүмкін.

TENGRINEWS: Әндеріңіздің көбі хитке айналып, халықтың арасында кеңінен таралады? Мұның құпиясы неде?
Ж. Ауыпбаев :

Біз ән таңдағанда оның әуеніне, сөзіне, әрлеуіне қатты мән береміз. Бірлесіп шешімге келеміз. Айналамыздағылардың пікірлеріне құлақ түріп, кейде кеңесіп те жатамыз. Әндеріміздің көп жағдайда сәтті шығуы осыған байланысты деп ойлаймын.

TENGRINEWS: Әнді қаншалықты жанды дауыста орындайсыздар?
Ж. Ауыпбаев :

Концерттерде аппаратураға, колонкаларға, техникаға қараймыз. Бәрі дұрыс болса жанды дауыста айтқанға не жетсін?! Дегенмен бағдарламаларда әнді фонограммамен айту талабы бар. Сондықтан сол талапты орындауға тура келеді. Жеке шығармашылық кешімізде әндерімізді жанды дауысты айтамыз. Мүмкіндігінше жанды дауыста ән салуға тырысамыз.

TENGRINEWS: МС Сайлаубекке деген көзқарасыңыз қалай? Оның өнерін қолдайсыз ба?
Ж. Ауыпбаев :

МС Сайлаубек туралы халықтың арасында түрлі пікір бар. Оны өнердегі ағаларымыздың көпшілігі қолдамайды. Дегенмен, Сайлаубектің тембрі, рэп орындауы халыққа ұнайды. Тек түсініксіз тілін дұрыстап, қазақ тілінде, тәлім тәрбие беретін әндер шығарса немесе жыр-терме айтса деген тілегіміз бар. Шетелдің рэпін тыңдап, сол жаққа еліктейтін жастарымыз өте көп, неліктен МС Сайлаубекті қолдамасқа?! Сайлаубекті табалап, құртып жібергенше, оны өзі түсінбей жүрген тілден құтқарып шығуымыз керек. Сол кезде МС Сайлаубек қазақтың жүрегінен орын алады деп ойлаймын.

TENGRINEWS: Қазақстандық эстрадаға қандай баға берер едіңіз? Әнші ретінде көңіліңіз тола ма?
Ж. Ауыпбаев :

Қазақстан эстрадасы өте сапалы. Қазір мықты әншілер көп. Халықтың да талғамы сәйкесінше өсіп келе жатыр. Көршілес елдердің өзі қазақ эстрадасына қызығушылықпен қарайды. Сондықтан, қазақстандық эстраданың қазіргі күйіне көңілім толады.

TENGRINEWS: Қазір елімізде дағдарыс болып жатыр. Доллар бағамы өскеннен кейін той "ставкаларыңыз" өзгерді ме? Дағдарыс топқа қалай әсер етті?
Ж. Ауыпбаев :

Дағдарыс топқа айтарлықтай өзгеріс әкелген жоқ. Тойға да бұрынғы бағамен шығып жүрміз. Дегенмен әрқашан халықтың жағдайына қарайлаймыз.

Әңгімелескен Мақпал Бисембаева


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай