Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.21
EUR / KZT - 391.74
CNY / KZT - 50.08
RUB / KZT - 5.57

Елімізде қатыгез аналардың өз балаларынан бас тартуына не итермелейді

25 Қаңтар 2016, 15:52
0

Қазақстанда аналардың өз сәбилерінен бас тарту жағдайлары күн артып көбейіп жатыр. Оған мысал ретінде Жамбыл облысындағы Алматы-Ташкент жол бойында әжетхананың шұңқырынан табылған нәресте оқиғасын келтіруге болады. Абырой болғанда, нәресте аман қалды. Оның анасы – 21 жастағы келіншек болып шықты. Анасының тағы бір баласының бар екендігі анықталды. Тағы бір жантүршігерлік оқиға – 14 қаңтарда осы облыстағы Ақкөл ауылына кіретін жол бойында нәрестенің табылуы. Сәбиді автокөліктен әжесі лақтырып жіберген, алған жарақатынан нәресте көз жұмады. Оның анасының 16 жастағы мектеп оқушысы екендігі анықталды. Тағы бір қаза болған нәресте 17 қаңтарда Ақтау-Атырау тас жолында табылған болатын. Маңғыстау облысының тұрғыны жәшікке салынған нәрестені тауып алды. Сәбидің анасының, 38 жастағы келіншектің айтуынша, сәби дүниеге өлі туылған. Ата-ана мен бала тақырыбында 11 жылдық тәжірибесі бар психолог-практик Евгения Араджи елімізде әйелдердің неліктен өз балаларынан осындай аяусыздық көрсететіні жайлы айтып берді.

TENGRINEWS: Қазіргі жас келіншектердің өз сәбилерінен түрлі қатыгез жолдармен бас тартуы, яғни шұңқырға немесе қоқысқа тастауы, автокөліктен лақтырып жіберуі туралы оқиғалары көбейіп кетті. Олардың психикасы дұрыс па? Әлде бұл бала босанудан кейінгі аналардың күйзеліске түсуі ме?
Евгения Араджи :

Еліміздегі қазіргі экономикалық жағдайға байланысты аналардың  өз балаларынан бас тартуы көбейді. Бірақ бұл жағдайдың барлығы қалаусыз жүктіліктің нәтижесінде, не болмаса некесіз дүниеге келген сәбидің қоғамда дұрыс қабылданбай қалу қаупінен туады. Мұндай жағдайға тап болғандар туыстарынан және жақындарынан қорқады. Сонымен қатар, көпшілігі баланы асырай алмаймын деген ойда болады. Осындай жағдайлар жанұясының көмегіне зәру немесе психологиялық қолдауды қажет ететін жандарда болады.

Тағы бер себеп ретінде жастай босанған әйелдерде болатын гормоналдық өзгерістерді атайық. Әйелдің ағзасында босанғаннан кейін айтарлықтай өзгерістердің байқалатыны, гормоналдық фонның өзгеретіні бәрімізге де белгілі. Әйел баласы қатты күйзеліске ұшырайды. Кей әйелдер бала туғаннан кейін күйзеліске жиі ұшырайды. Оның барлығы болашақ анаға сыртқы және ішкі фактордың қаншалықты әсер еткендігіне байланысты. Әдеттегідей, осы уақыттан әйел психикасы тұрақсыз болып келеді. Сонымен қатар, қоғамнан шектетіліп қаламын деген қорқыныш мазалайды.

TENGRINEWS: Неге жас аналар өз нәрестелерінен осындай қатігездікпен бас тартады? Сәбидің өміріне еш қауіп тигізбей-ақ, жазасыз бас тартатын жолдар жеткілікті емес пе?
Е. Араджи :

Бұл – қазақстандық жасөспірімдердің осы тақырыптан бейхабар екендігінің дәлелі. Олар осы мәселе бойынша кімге жүгінуі керек екенін де білмейді. Бұл қыздар жыныстық тәрбие жайлы жеткілікті түрде білім алмаған: контрацепция туралы, қауіп-қатерсіз жүктілікті тоқтату және тағы да басқа жолдары. Сондықтан қыздар сол проблемамен бетпе-бет келеді.
Қазір болып жатқан жағдайлар – еліміздің және қоғамның айнасы. Өкінішке қарай, біз қазір еліміздің мәдениеті мен білімінің құлдырауы кезеңін бастан кешіріп жатырмыз. Алайда осы қыздардың отбасын үнемі кінәлай беруге болмайды. Өйткені балаларымыздың тәрбиесіне қоғамның әрбір мүшесі жауапты: мектепте, балабақшада және басқа да мекемелерде.

TENGRINEWS: Мектепте оқып жүріп, жүкті болған қыздың ата-анасы мұндай жағдайда өзін қалай ұстауы керек?
Е. Араджи :

Бала – жанұяның, өмірдің, тәрбиесінің айнасы екенін ата-анасы түсінуі керек. Егер де, балаңыз қателік жіберіп, сәтсіздікке ұшырап жатса немесе керісінше, бақытты әрі табысты болса - мұның бәрі тәрбиенің нәтижесі. Кәмелет жасына толмаған баланың әрекеттеріне ата-анасы жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Себебі бала қоршаған ортадан не сіңіріп алса, оны өмірде де жүзеге асырады. Әрине мектептегілер мен жақын достары да әсер тигізеді, дегенмен, ең басты ықпалды ата-аналар береді.
Осындай жағдай туындаған сәтте “отбасымызды жерге қаратты, елдің көзіне қалай қараймыз” деп, барлығы тек теріс пікірде болады, жағдайды дұрыс түсінгісі келмейді. Біз ең бастысын көрмейміз, ол қыздың ішінде – ұрпақ жалғастыратын сәби бар. Оның осы әлемге өз қалауымен келмегеніне қарамастан, қамқорлық пен қолдау қажет.
Болашақ анаға ұрысуға болмайды, жүкті әйел керісінше, сізден қамқорлық пен махаббатты, қолдауды күтеді. Ол – болашақ ана және оған баланы қалай қарау керек, қалай тамақтандыру керек екенін айтып, босану алдындағы дайындығын өткізіп, арнайы курстарға баруы керек әрі баланы дамыту және тәрбиелеу жайында арнайы әдебиетті оқуы керек екенін түсіндіру қажет.
Кез келген анаға мемлекет жағдай жасауы тиіс. Мысалы, мектеп бағдарламасына жыныстық қатынасқа қашан түсуге болады және оның салдары жайлы пән енгізілуі тиіс. Жыныстық қатынастарға тек қана өз баласына жауапкершілікті алған жағдайда ғана түсу қажет. Әр түрлі контрацепция әдістеріне акцент жасамау керек, өйткені, олар жүктіліктен әрқашан қорғай бермейді.

TENGRINEWS: Сіздің пікіріңізше, қайғылы оқиғалардың салдарын болдырмау үшін үкіметке, қоғамдық қызметтерге, жас аналардың айналасындағыларға тағы не жетіспейді?
Е. Араджи :

Сенім телефондары, тәулік бойы қызмет көрсететін орындар, кез келген уақытта көмек көрсете алатын дағдарыс орталықтары қалада және ауылдық жерлерде болуы керек. Емханаларда психология кабинеттері ашылып, бұл саланың мамандарын оқытуға көңіл бөлу қажет. Адамдар өмір мен денсаулық туралы, тәрбие мен балалардың психологиялық дамуы туралы қажетті көмекті тиісті мамандардан алуы үшін психология қолжетімді болуы қажет. Германияның әдісін қолдануға болады, олар соғыстан кейінгі уақытта психологияның дамуы мен елде психологиялық кеңес беруге арнайы квоталар бөлген. Мемлекетіміз білімнің дағдарысқа ұшырағанына мән беріп отыр, бірақ ұзақ уақытқа созылған өзгерістер еш нәтиже бере қойған жоқ.


Әңгімелескен Василина Атоянц


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай