Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 335.33
EUR / KZT - 395.49
CNY / KZT - 50.75
RUB / KZT - 5.70

Мылжың сөзге уақытым жоқ

29 Қаңтар 2016, 09:43
0

Геннадий Головкиннің Астанада өткен баспасөз мәслихаты елордадағы тілшілердің тәжірибесінде ең бір ерекшесі болған шығар. Аты аңызға айналған боксшымен жүздесіп, сұрақтар қойып, оған жауап естігісі келгендер көп болды. Мұны тіпті тілшілер ғана емес, кездесу залына лықа толған адамдардың әрқайсысы да қалаған шығар. Алайда баспасөз өкілдерінің қойған сұрағына Геннадий жауапты қысқаша берді деуге болмайды, бірақ ол барынша нұсқа жауап берді. Ақпарат агенттіктері бұл баспасөз мәслихатынан сұмдық делінген хабар шығара алмады. Tengrinews.kz және Vesti.kz спорт порталына берген эксклюзив сұхбатында Головкин бұл жолы тілшілердің өзінен неліктен сенсациялар ести алмағанын түсіндіріп берді.

TENGRINEWS: Геннадий, баспасөз мәслихатында сізге IBF міндеттеген келесі қарсыласыңыз Доминик Уэйд жайлы сұрақ қойылды. Бірақ сіз оның кім екенін де білмейтініңізді айттыңыз. Сіз шын мәнінде оның кім екенін білмейсіз бе, әлде тілшінің сұрағын дұрыс түсінбедіңіз бе? Әлде IBF-тың сізді онымен жұдырықтасуға міндеттегені жайлы мәлімет шындыққа жанаспай ма?
Геннадий Головкин :

Шындыққа жанаса ма, жоқ па - оны айта алмаймын. Бұдан хабарым жоқ. Егер маған телефон соғып, "Геннадий, бұл IBF-тен, біз сізге қарсы шығатын үміткерді ауыстырдық" десе... Ол қарсылас емес, ол үміткер. Белгілі бір рейтинг бар. Бұл рейтингте бірінші тұрды ма... Еске салып жіберіңіздерші? Джонс, Джонсон.

TENGRINEWS: Туреано Джонсон.
Г. Головкин :

Иә. Естуімше, ол жарақат алыпты. Келесісінің кім болатынын білмеймін. Мүмкін аты аталып жатқан жігіт шығар.

TENGRINEWS: Баспасөз мәслихатынан бір түсінгеніміз, Коробовпен де келіссөз жүргізілмеген бе? Себебі ол да кездесуге келісіп отырғанын мәлімдеп үлгерді.
Г. Головкин :

Келісім берді? Бокс әлемін елестетіп көріңіздерші. Қаншама адам келісім береді!

TENGRINEWS: Бірақ сіз туралы мәліметтің негізгі бөлігі шетел ақпарат құралдарынан келеді. Сіздерде шын мәнінде не болып жатқанын білу қиындау.
Г. Головкин :

Матвей Коробовтың сапта екеніне, жұдырықтасуға дайын екеніне қуаныштымын. Онымен таныстығым бар, сондықтан қуаныштымын. Жақсы жігіт, жақсы спортшы. Оның сапта екендігіне қуаныштымын, себебі оның жеңілістері де, жеңістері де болды.

TENGRINEWS: Жылдық жоспарларыңыздағы көп айтылғаны - Сауль Альвареске қарсы жекпе-жек. Осы жайлы толығырақ білгіміз келіп отыр. Альварес сізден "қашып жүр" - командасы түрлі айла-шарғы жасап жүр, белгілі бір шарттарын қоймақшы. Осы жекпе-жек үшін бәріне де дайынсыз ба? Салмақ қуу, гонорар, жекпе-жекті өткізу орны? Мексикада жұдырықтасуға дайынсыз ба? Егер Альварес осылай қашып жүре беретін болса қанша күтуге дайынсыз?
Г. Головкин :

Жоқ, меніңше, бұл оның шарттары немесе ойлары емес. Бұл оның ойлары емес. Бұл менеджменттің ойлары, оның промоушнінің ойлары. Осылайша олар өз жігітін жарнамалайды, осылайша өз компанияларын жарнамалайды. Осылайша өздерін мықты қылып көрсеткісі келеді... Ал бұл жекпе-жек өтеді! Бұл пиар-жүріс, олар менің тіпті де тегін жұдырықтасатынымды және тағы сол сияқты бір жағдайларды айтуы мүмкін. Яғни мұның барлығы компанияларының пиар-жүрісі.

TENGRINEWS: Сонда бұл мәселеде сіздің ұстанымыңыз қандай?
Г. Головкин :

Нағыз ұстаным. Егер қаласа, жұдырықтасамыз. Себебі мен дайынмын.

TENGRINEWS: 155 фунтқа дейін түсуге дайынсыз ба?
Г. Головкин :

Біз қандай салмақ жайлы айтып отырмыз жалпы? Мен білмейді екенмін...

TENGRINEWS: 155 фунт салмағы, бұл жайында Альварестің командасы сізбен жекпе-жек өткізуінің шарты ретінде айтып отыр.
Г. Головкин :

Сіздерде оның промоушні жасап отырған пиар-жүрісі және шиеленіс жасаған мәліметтері ғана бар.

TENGRINEWS: Яғни жекпе-жек 160 фунтта ғана бола ма?
Г. Головкин :

Иә. Ереже бар.

TENGRINEWS: Жалпы Альвареспен қарым-қатынастарыңыз қалай? Ол рингте кездескен кездеріңізде үзілетін достық жайлы айтып қалды. Доссыздар ма?
Г. Головкин :

Қарапайым қарым-қатынас. Адамгершілік қарым-қатынас. Рингке шықсақ, кәсіби спортшы болатынымыз белгілі. Біз жау болмаймыз, біз кәсіби спортшы боламыз.

TENGRINEWS: WBC саясаты жөніндегі ұстанымыңызды білсек деп едік. Бүкіләлемдік бокс кеңесінің белгілі бір мағынада "өздеріне жағатын" адамдарын лоббилеуі туралы да айтылып қалды - Альварестің жағдайында да осылай, оған аралық салмақтарда титулын қорғауға мүмкіндік беру немесе титулды қорғап қалуын кейінге шегеру жағдайы. Бұған қарсы шығуға бола ма? Жалпы қарсы шығудың қажеті бар ма?
Г. Головкин :

Білмейтіндер ғана сынайды. Мәліметі жоқтар ғана сынайды. Барлығы берілген рұқсаттың аясында. Мұның бәрін құқық жөнінде түсіндіруге болады.

TENGRINEWS: Сонда болып жатқанның барлығы әділ ме?
Г. Головкин :

Иә. Білмейтіндер ғана сынайды. Мұны білмейтін, жағдайдан хабары жоқ адамдар, ол адамды білмейтіндер, жағдай жайлы мәліметі жоқтар. Олар тек негатив жайлы айтады, сосын оны жазады, бұл - ұят.

TENGRINEWS: Ал мұның жәй ғана шиеленістіру екенін қайдан білуге болады? Қазақстанда шын мәнінде сіздің жағдайыңыз жайлы мәлімет өте аз.
Г. Головкин :

Иә, келісемін.

TENGRINEWS: Геннадий Головкинмен кездесу жайлысы аз.
Г. Головкин :

Одан да аз.

TENGRINEWS: Баспасөз мәслихаттарында да өз істеріңіз жайлы жеткілікті дегендей...
Г. Головкин :

Нұсқа.

TENGRINEWS: Ұстамды.
Г. Головкин :

Мен түсіндіріп берейін. Мынадай бір мәселе болған: бір блогер бір нәрсе көріп, бір нәрсе айтқан екен. Яғни нақты ештемесі жоқ, шамалап, тұспалдап. Маған нақты сұрақтардың қойылғаны ұнайды, іс бойынша қойылатындары. Маған кәсібилік ұнайды. Тілшілермен осындай кездесулер неге болмайды? Тағы бір кездесу жасап, балалық шағымда қандай мультфильмдерді көргенім жайлы әңгімелеу маған түк те қызық емес. Нақты болуы керек. Мен кәсіби бокстың өкілімін. Иә, мен Қазақстан азаматымын, жеке өмірім бар. Әлеуметтік желілерге деген қызығушылығым - кәсіби бокс. Сұрақтарды нақты мәселе бойынша қойыңыздар. Кәсіби сұрақтарды қоюға дайындалыңыздар, өтінемін. Дәл осы бағыт - бокс - өте қысқа. Ол жақта бизнес жайлы және сол сияқты мәселелерді айтудың қажеті жоқ.

TENGRINEWS: Қазақстанда ең болмағанда бес Головкин болса, баспасөз мәслихаттарында сізге басқа да сұрақтар қойылар ма еді.
Г. Головкин :

Айтып отырғаным сол - бокс тақырыбында нақты сұрақтар қойыңыздар. Бокс - бұл өте қарапайым - үш соққы. Тіке, қапталдан, төменнен. Сұрақтар нақты, түсінікті болуы керек.

TENGRINEWS: Бокс жайлы сұрақ, кезекті бір қауесеттің мәнін ашып берерсіз. Андре Уорд сізге шын мәнінде кездесу өткізуді ұсынды ма? Әлде бұл оның сөздері ғана ма?
Г. Головкин :

Мен бұл адам жайлы тіпті де айтқым келмейді. Тіпті ештеңе айтқым келмейді...

TENGRINEWS: Америкалық БАҚ-тар Геннадий Головкинді рингтен тыс жерде шоу жасамайды деп айыптайды - мәлімдемелер де жоқ, салмақ өлшеу рәсімдерінде төбелес те жоқ, перфоманс та. Бұл сізді қызықтыра ма? Сізге рингте жасайтын шоуыңыз жеткілікті ме?
Г. Головкин :

Маған сол да жетеді.

TENGRINEWS: Бұл сіздің пиарыңыз болар ма еді?
Г. Головкин :

Адамдардың айтып жатқандары да жетеді.

TENGRINEWS: Яғни Good boy?
Г. Головкин :

Бұл менің имиджім емес. Good boy деп мүмкіндігі зор жас адамды айтады. Good boy дей отырып, сен оған "Сен жақсы баласың, мүмкіндіктерің зор, сен жақсы проспектсің" дейсің. Осыны айтып отырмын.

TENGRINEWS: Бірақ енді бізде "проспект" дегеннің не екенін білмейтіндер көп, сондықтан сені барлығы күліп жүріп, бәрін ұратын жақсы жігіт деп есептейді.
Г. Головкин :

Жоқ, мен іс біткеннен кейін "Жарайсың" деп айтамын. Жеңіл баға беремін, "Иә, жарайсың, тырыс, мүмкіндіктерің бар, Good boy" деп қорытынды жасаймын. Бұл нақтылық емес, бұл тікелей аударма емес, тіпті басқа. Мұны барлығы дұрыс түсінеді. Мен басқамын.

TENGRINEWS: Сіз, әрине, кәсіби бокс тақырыбында сөйлескен қызығырақ деп айтасыз, бірақ сіз де бір кездері бастап көрдіңіз ғой. Біз мәселен таяуда Tengrinews.kz сайтында фоторепортаж жасадық, "Гена секілді жұдырықтас!" деп аталады - сіздің жеңістеріңізді көріп, көпшілік ата-ананың өз балаларын боксқа беретіні, тіпті ересектердің де бокс залына бару үшін көп ақша жұмсайтыны жайлы. Яғни барлығы да жұдырықтасуға қызығады, мұның барлығы да қызығушылық екені түсінікті. Сіз бұл жетістікті еңбектің арқасында келді дейсіз. Бірақ еңбек ету үшін қалай да өзіңді тәртіпке келтіру керек қой. Сізде тәртіпке келтіретін не? Мүмкін ол кітаптар шығар немесе бір рухани тәжірибелер шығар, йога? Илья Ильин, мәселен, еттен бас тартқанын айтты, соның арқасында жеңуге деген күш алады екен. Сізде ше?
Г. Головкин :

Балалардың менің үлгіммен спортпен айналысып жатқаны қатты қуантады. Мақсат қою мен оған жету бір мәселе де, залға баратындары тіпті жақсы. Тәртіп дегеніміз біреу, ол қажырлы еңбек. Яғни адамның мүмкіндігі көп деп есептеймін.

TENGRINEWS: Ал ұстаздарыңыз сіздің өміріңізде қандай роль атқарды?
Г. Головкин :

Жақсы мектеп болғанына қуанамын. Бастапқыда, бала кезімде залға әкелгенде, жақсы маман, үздік педагогым болды - Дмитриев Виктор Константинович. Біз аз уақыт жұмыс істедік, сосын мен Кенжебаев Ғалым Қалиұлына өттім. Міне, осы мамандар әуесқой бокстың негізін қалап берді. Бұдан кейін мен кәсіби боксқа ауыстым, ол жақта тіпті басқа жағдайлар.

TENGRINEWS: Сіз қазір кәсіби бокс жайлы айттыңыз. Кәсіби боксқа қызығатын адамдарға қызық дүние жайлы айттыңыз. Tengrinews.kz сайтының аудиториясы кең, сіздің әрбір сұхбатыңыз адамдарға пайда әкелгенін қалаймыз. Қазір барлығы өмір ережесі жайлы оқуды ұнатады. Көп болмаса да, Геннадий Головкиннің бір ғана өмір ережесін айтып беріңізші, басты ұстанымыңыз қандай?
Г. Головкин :

Өмірлік ұстанымым - әлеуметтік желілерде пікір айта бермеу. Бұл - кеңес.

TENGRINEWS: Баспасөз мәслихаты өтті, тілшілердің көзінен сұрақтарына қойылған жауапты ести алмағаннан көңіл-күйінің түскенін байқадық...
Г. Головкин :

Сұрақ болған жоқ.

TENGRINEWS: Сұрақ болмады ма, әлде сөзді сарапқа салып, баға бергіңіз келмеді ме?
Г. Головкин :

Ол да бар. Көріп отырсыздар ғой, жабықпын. Көрінген мәселеге қатысты сөйлей бергім келмейді, оған уақытым да жоқ, оның мәні де жоқ.

TENGRINEWS: Мүмкін кітабыңыз немесе фильміңіз жайлы айтарсыз?
Г. Головкин :

Айтпаймын. Жоқ, кітап та, фильм де. Бұл тіпті басқа дүние. Бұл - тәрбие.

TENGRINEWS: Тәрбие ғой сонда?
Г. Головкин :

Әрине. Бұл өмір салты.

TENGRINEWS: Сіз сонда өзіңіз жайлы қалыптасқан имидждегі күліп тұратын жігіт емессіз ғой?
Г. Головкин :

Жаман адаммын деген мәселе емес, мен өзімді жаманмын демеймін. Мен басқа жігітпін, мен туралы ойлап алған, мен туралы қалыптасқан пікірдегі жігіт емеспін.

TENGRINEWS: Геннадий Қарағандыдан шыққан қайырымды жігіт деген пікірге қалай қарайсыз?
Г. Головкин :

Бұл өзі сондай әрдайым күліп жүретін жігіт, бірақ кейбіреулерге осылай күліп жүруінің себебі көңілінің әрдайым көтеріңкі болатынынан ба, әлде білімсіздігінен бе, ол жағы түсініксіз. Олай емес.

TENGRINEWS: Сүйкімділіктен шығар?
Г. Головкин :

Олай емес. Адамдардың пікірі қалыптасады, адамдар осы сайттарға байланысты бірдеңеге сене бастайды. Сосын шиеленісе түседі де, олар жеккөре бастайды, сосын қайтадан ұнатады, сосын қайтадан құрметтей бастайды. Сосын біреудің тағы бір пиар-кампаниясы басталады: міне Геннадий біреу туралы жаман пікір айтты, міне Геннадий жаман, сол біреу жайлы жаман пікір айтты, біреу жайлы айтпады, ол енді қатал. Ал бұл тіпті де болмаған. Мәселен, сіздер Альваресті айттыңыздар, Альварестің өзі ештеңе айтпаған болуы да мүмкін. Өзі айтса, нақты айтады. Егер видеодан айтып тұрғанымды көрсеңіздер, ол нақты болады - сол кезде ғана Геннадий осылай деді деп айтыңыздар. Ал мұндай пиар-жүрісті кім қолданады: кіммен санасатыным, кіммен санаспайтыным, мынау жақсы бапкер, мынау жаман... Мен мұндай бағаны ешқашан ешкімге айтпаймын. "Головкин мынау промоушн жайлы жақсы, ал анау жайлы жаман айтты"... Мен мұндайды тіпті де айтпаймын. Өз ісімді білемін және өз ісімді істеймін. Менімен ісі бола алмайтындар, болмайды. Ал кімде-кімнің ісі болса, яғни белгілі бір білімі болса қарым-қатынасы болады.

TENGRINEWS: Сіз "Интернетте аз жазу керек" деген кеңес айттыңыз. Онда Интернетте, әлеуметтік желілерде аз отыру керек шығар?
Г. Головкин :

Жоқ, неге, уақыт болса отырыңыздар.

TENGRINEWS: Әлеуметтік желілер зиян деп есептемейсіз бе?
Г. Головкин :

Мен тіпті біреулер үшін есептемеймін.

TENGRINEWS: Видеоңызды көріп отырмыз, ағылшын тілін жетік меңгерген сияқтысыз.
Г. Головкин :

Қажетті деңгейде меңгеріледі. Мен толықтай америкалық болуды жоспарлап отырғаным жоқ, яғни шектен шықпау керек. Аз-кем білсең - соның өзі жеткілікті.

TENGRINEWS: Яғни арнайы оқымайсыз ба?
Г. Головкин :

Тәжірибе бар, сабақтар бар. Мен тіпті басқамын.

TENGRINEWS: Біз мұны түсіндік. Байқағанымыз, таяуда Англияда болдыңыз, стадионда сұхбат бердіңіз, қазақстандықтарға қарағанда, шетел тілшілеріне жайдары қарайтын сияқтысыз ба, қалай. Әлде бізге солай көрінді ме?
Г. Головкин :

Мен барлығымен өте жақсы, әдеппен сөйлесемін.

TENGRINEWS: Бүгін сіз біздегі өзіңіз жайлы әсерді бұздыңыз.
Г. Головкин :

Бұл образдарды, фейктерді адамдар жасап алған. Міне, бүгін сіздерде жақсылы-жаманды әсер болды, сіздер соны ұстаныңыздар.

Әңгімелескен Юлия Милова мен Ренат Ташқынбаев

Сұхбат "Цеснабанк" АҚ қолдауымен дайындалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай