09 желтоқсан 2022 09:55

1 миллиард теңге шығын: Антикор "Азаматтарға арналған үкіметтегі" ҰҚТ туралы хабарлады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелден әкелінген көліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ қызметкерлері мен өзге де азаматтардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Олардың әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана прокуратурасымен бірлесіп анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық топ биыл қаңтардан бастап азаматтарды шетелдік көліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау арқылы өз қызметтерін ұсынып, олардың ақшалай қаражатын ұрлап, 486 көлікті заңсыз тіркегені анықталды. Әрбір көлік үшін заңсыз қызметтің құны 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін болған.

"Қажет ақшаны алғаннан кейін күдіктілер көліктерді сатып алу-сату мәмілелерінің жазбаша формасын, мемлекеттік нөмірлер мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді дайындағаны үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртектерді қолдан жасаған", - делінген хабарламада.

ҰҚТ қызметі, оның ішінде ішкі істер органдарының мемлекеттік автоинспекторларының "Web-модуль" сервис орталығы" ақпараттық жүйесінде бұрын кәдеге жаратылған көліктер туралы мәліметтерді қасақана заңсыз жоюы және олардың орнына жаңадан әкелінген көліктердің мәліметтерін енгізу арқылы жүзеге асырылған. Сот санкциясымен төрт полиция қызметкері қамауға алынды.

"Мемлекеттік баждар мен төлемдерді төлеуге арналған азаматтардың ақшалай қаражатын күдіктілер ұрлап, жеке қажеттіліктеріне жұмсады. Осы адамдардың қылмыстық әрекеті нәтижесінде азаматтар мен мемлекетке 1 миллиард теңгеге төленбеген мемлекеттік баждар мен алымдар түрінде залал келтірілді", - делінген ведомство мәліметінде.

Осы іс бойынша қылмыстық топтың тағы 4 белсенді қатысушысы, оның ішінде Астана қаласы бойынша №2 мамандандырылған ХҚКО басшысы ұсталған. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети