19 шілде 2023 10:38

"10 келі мефедрон". Алматыда ҰҚК қызметкерлері есірткі зертханаларын жойып, қылмыскерлерді ұстады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК қызметкерлері Алматыда 2 есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлар бар ірі қойманы жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰҚК қызметкерлері Алматыда 2 есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлар бар ірі қойманы жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Арнайы операция осы жылдың 12-14 шілдеде Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген іс-шаралар нәтижесінде 2 есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлардың ірі қоймасы жойылды.

10 келіден аса "мефедрон" синтетикалық есірткі, 15 тоннаға жуық прекурсорлар, сонымен қатар, 4-5 есірткі зертханасын іске қосуға мүмкіндік беретін арнайы құралдар анықталып, тәркіленді.

Есірткі әзірлеу үстінде республикамыздың 4 азаматы ұсталып, оларға қатысты сот санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

ҰҚК осы жылдың басынан бері 24 есірткі зертханасын, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арналарын жойып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан аса прекурсорларды тәркіледі.

Есірткі және психотроптық заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымына, сатылуына, сақталуына, әзірленуіне, өсірілуіне, өңделуіне және сатып алынуына қатысы бар қылмыстар заң талаптарына сай 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети