15 наурыз 2021 16:19

100 миллион теңгеге сан соқтырды. Павлодар облысында алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде болған ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметі бойынша, ол Павлодар облысы тұрғындарынан 100 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда мемлекетаралық іздеуде болған ер адам алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметі бойынша, ол Павлодар облысы тұрғындарынан 100 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 30 жастағы павлодарлық алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.

"Павлодарда ер адам қымбат көлік сатамын деп мүлік пен ақша иемденгені анықталды. Ұсталған адамның қылмыстық әрекеттерінен жәбірленушілерге жалпы сомасы 100 миллион теңгеден аса материалдық залал келген. Оның тағы 40 алаяқтық дерегіне қатысы бар екені туралы мәлімет бар", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Ведомство баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, күдікті бір жыл мемлекетаралық іздеуде болған. Ол Павлодарда ұсталды. Тергеу мүддеснде басқа мәлімет жарияланбайды.

Ер адам Павлодарда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК-ның 190-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Бап санкциялары мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып я онсыз, мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

"Соталды тергеу барсында Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің өңірден тыс жерлерде жасалған алаяқтыққа қатысын тексеріп жатыр", - деп атап өтті өңірлік полиция

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети