24 наурыз 2017 15:07

11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірді деген күдікпен ұсталған өгей анасының қамау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

11 жастағы баланы ұрлады және өлтірді деген күдікке ілінген 37 жастағы Шәрипа Ақбердиеваны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының сотына сілтеме жасап. 


11 жастағы баланы ұрлады және өлтірді деген күдікке ілінген 37 жастағы Шәрипа Ақбердиеваны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының сотына сілтеме жасап. 

"Қарасай ауданының соты 18 наурызда Өркен Азаматұлын өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың барлығын қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы шешім шығарды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осылайша, Шәрипа Ақбердиева, оның ұлы Темір Ақбердиев, қызы Айдана Ақбердиева және Қайраттың інісі, кәмелетке толмаған Қадыржан Гулямов, сондай-ақ такси жүргізушісі Руслан Мұталиев тергеу абақтысында сәуірдің 22-не дейін қамалды.

26 ақпанда Алматының Алмалы аудандық прокуратурасының өкілдері Шәрипа Ақбердиеваның енесіне деген жеккөрініші баланы өлтіруге себеп болғанын айтқан.

Бала қаңтардың 19 жоғалып кеткен және бұл туралы оның әжесі Есенбекова хабарлаған. Соңғы рет оны түсте сабақтан шыққан кезде көргендер болған. Қаңтардың 22-не қараған түні Өркен Азаматұлының денесі саяжайдағы жертөледен табылған болатын.

Прокуратура мәліметі бойынша, істің барлық фигуранты кінәсін мойындаған. Алайда 25 қаңтарда Алмалы аудандық сотында бұлтартпау шарасын тағайындау кезінде олар кінәлі еместігін мәлімдеген. Істі тергеу барысында Айдана жеті сыныпты ғана аяқтап, жүкті екені анықталған. Темір тоғыз сынып қана тәмәмдаған. Шәрипа мен балалары жұмыс істемейді. Руслан оларды жол ақысы үшін апарып тастағанын айтады. Ол метрополитенде күзетші болып істеген. 

Тергеу қылмысты ұйымдастырған Шәрипа Ақбердиева деп есептейді. Ал оның балалары мен танысының қылмысқа қатысы бар. 

Көз жұмған Өркен Азаматұлының әкесі әйелін қыздары үшін кешіруге дайын екенін айтқан болатын. 

Сотта күдіктілердің айыбы дәлелденсе, Шәрипа Ақбердиева өмір бойы бас бостандығынан айырылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети