21 тамыз 2019 09:18

12 жасар алматылық қызды зорлады деген күдікті бостандықта жүр

© uralpress.ru © uralpress.ru

12 жастағы алматылық қыз өзін анасына қамқорлық жасап жүрген 60 жастағы ер адам зорлады деп мәлімдеген. Сараптама нәтижесі баланың сөздерін растаған, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы. 


12 жастағы алматылық қыз өзін анасына қамқорлық жасап жүрген 60 жастағы ер адам зорлады деп мәлімдеген. Сараптама нәтижесі баланың сөздерін растаған, - деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы. 

Оның сөзінше, қыздың анасы күдіктіден қарызға ақша сұраған. Ақшаны алуға қызын жіберген. 

"Мен оның айтқан жері - автожуу орталығына келдім. Кенеттен ол мені көлікке отырғызып, көзілдірік киіп, белгісіз нәрсемен тұмшалап, үнімді өшіруді талап етті. Сосын мені қонақүйге алып келіп, зорлық әрекеттерін жасады. Өте ауыр болды. Егер біреуге айтатын болсам анам мен әжемді өлтіретінін айтты", - дейді жәбірленуші. 

Жәбірленуші қыз бар жағдайды анасына айтқанымен, көңілдесіне бірден шағым түсірмеген. Себебі туыстарынан ұят болады деп ойлаған. 

"Мен ол ер адаммен төрт жыл бойы кездесіп жүрмін, жасы 60-та. Ол мұндай әрекетке барады деп мүлдем ойламаппын. Қаржы жағынан үнемі көмектесіп отыратын. Ол қызымды зорлағанын мойындамады. Туыстарым біліп қояды деп ойлап, басында шағым түсірген жоқпын. Тіпті гинекологқа да апарған жоқпын. Жақында бұл туралы әпкеме айттым. Мені шағым түсіруге итермелеген сол", - дейді жәбірленушінің анасы. 

Шағымды анасы 19 тамыз күні жазған. Сот-медициналық сараптама басталды. 

"Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі әлі дайын емес. Оның алдын ала нәтижесі бойынша жәбірленушіге зорлық әрекеттері шынымен жасалған", - деп хабарлады құқық қорғаушы Кәмшат Есмұханбетқызы. 

"Оны Алматы қаласының полиция департаментінің тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Алғашқы тергеу шаралары дәл сол күні қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта басқа процедуралық іс-шаралар кешені жоспарланған, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процедуралық шешім қабылданады", - деді Алматы қаласындағы ДП ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Күдікті әзірше бостандықта жүр. Егер сараптама нәтижесі зорлық әрекеттерін дәлелдесе, күдікті ұзақ мерзімге қамалуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети