13 жастағы қызын пышақтаған әйелге қатысты жаңа дерек шықты

11 Қаңтар 2018, 09:43
0
13 жастағы қызын пышақтаған әйелге қатысты жаңа дерек шықты -

Қостанайда пышақ жарақатымен ауруханаға түскен 13 жастағы қызға қатысты істің тергеу бабы ауыстырылды, - деп хабарлайды alau.kz. Ақпаратты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растады. 

8 қаңтарда қыз есін жиып, ал 10 қаңтарда шешесі ұсталған болатын. Бұл оқиға бойынша іс ҚР ҚК-нің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша жүргізілген еді. 

"ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-тарауы және 99-баптың 1-тарауы - "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген ІІД хабарламасында. 

Еске салайық, Қостанайда 32 жастағы әйел мас күйінде 13 жастағы қызына ұрысып, оны пышақтаған еді. Қыз түрлі дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізлген болатын. Оқиға полицейлер мен дәрігерлерді түршіктерген болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай