13 қыркүйек 2019 13:45

"14 адам зорлаған". Полиция істің мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Қостанай облысындағы ауыл тұрғыны айтқан топ болып зорлау әрекетінің 14-інші қатысушысын іздеп жатыр. Қалған 13-інші қыз босанған баланың әкесін табу үшін ДНҚ-тестті қайта тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Полицейлер Қостанай облысындағы ауыл тұрғыны айтқан топ болып зорлау әрекетінің 14-інші қатысушысын іздеп жатыр. Қалған 13-інші қыз босанған баланың әкесін табу үшін ДНҚ-тестті қайта тапсырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз мүмкіндігімізше генетикалық сараптаманы жалғастыра береміз. 14-інші күдіктіні іздеп жатырмыз. Іс былтырдан бері өз бақылауымда. Мұнымен тергеу тобы айналысып жатыр. 13 адамның бәрі де ауыл тұрғыны. Бұл кішкентай ауыл, жігіттердің бәрі сол ауылдан. 14-шісін көрші ауылдардан іздейміз. Қыз бала Алматыға оқуға барып қайтқан, туыстарының үйінде тұрыпты. Кей тергеу амалдарын Алматыда да өткізу керек болатын шығар. Бала өсіп жатыр, адвокаттар баланың әкесін табуды талап етіп отырғаны түсінікті", - дейді Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов. 

Оның айтуынша, қыз бала қазір ауылда, ешқайда жұмыс істемейді және оқымайды. 

Зардап шеккен қыз 13 ер адамның бір жыл бойы оны зорлап келгенін айтқан екен. Ол 14-інші зорлаушы туралы хабарлағанда қыз тойда болған. Той кезінде аз уақытқа жоғалып кетіп, кейін қайта оралған. Қыздың айтуынша, осы уақыт ішінде құқық бұзылған. 

"Біз той қонақтарынан жауап алдық. Денесінде жарақаттар болды ма? Жоқ. Киімі де бүлінбеген. Қайтып келіп, бәрімен бірге көңіл көтерген, медициналық көмек сұрамаған. Ешқандай дәлелсіз бұл ер адамды 8 айдан соң тұтқындай алмаймыз. Сараптама жасауға да келмейді, соққы іздері де жоқ. (...) 13 жігіттің бірі қызбен бірнеше рет байланыста болғанын айтты. Бірақ бәрі ерікті түрде болғанын жеткізді", - деді Аймағамбетов. 

Айыпталушылардың кейбірінде алиби бар екен. Бірі зорлау ісі күні Арқалықтағы тойда, екіншісі Нұр-Сұлтанда жұмыста болған.

Ол полицияның тергеу амалдарын неге қайта бастағанын түсіндірді. Сөзінше, зардап шегушінің адвокаты Айман Омарова Президент алдында сөз сөйлегенде ДНҚ-сараптаманың шынайылығына күмән келтірген. Сараптама 13 айыпталушының да баланың әкесі емес екенін көрсеткен болатын. Сондықтан қайта тест тағайындалған. Ал 14-айыпталушы әлі де іздестіріліп жатыр. 

Естеріңізге салсақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында сөз сөйлеген адвокат Айман Омарова бір қызды 14 ер адам зорлағанын айтқан еді. Кейін қыз бала босанған. Адвокат полицияны селқостық әрекет жасады деп айыптап, тергеушілер ер адамдарды бірден ұстамағанын айтқан болатын. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети