14 миллион теңгеге бір литр сүт: Қызылорда облысында ерекше тендер анықталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері Шиелі аудандық білім бөлімі бағасы 14 миллион теңгеден асатын бір литр табиғи сүт сатып алуды жоспарлағанын анықтады. Қайта тексерілгеннен кейін сүт бағасы 223 теңгеге дейін төмендетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері баға мониторингі кезінде бағаны қолдан көтеруге байланысты және басқа да осындай деректерді анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері Шиелі аудандық білім бөлімі бағасы 14 миллион теңгеден асатын бір литр табиғи сүт сатып алуды жоспарлағанын анықтады. Қайта тексерілгеннен кейін сүт бағасы 223 теңгеге дейін төмендетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері баға мониторингі кезінде бағаны қолдан көтеруге байланысты және басқа да осындай деректерді анықтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қармақшы ауданының №275 орта мектебі балаларға 1 670 143 теңгенің күртешесін сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Жалпы 208 миллион теңгеден аса сомаға 125 күртеше сатып алу жоспарланған. Ұсынысқа сәйкес тауар құны 16 701 теңгеге дейін төмендетілген. Жалпы сатып алу сомасы 2 миллион теңгеден асты. 206 680 197 теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражат қайтарылды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова.

Бұл бірінші жағдай емес екені белгілі болды. Антикор облыстың 11 мемлекеттік мекемесі дизель отынын 280 теңгеден, ал АИ-92 маркалы бензинді 205 теңгеден сатып алуды жоспарлағанын анықтады.

"ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес дизель отынының литрі 230 теңгеден, ал АИ-92 маркалы бензин бағасы 182 теңгеден аспауы тиіс. Мемлекеттік сатып алу лоттарын қайта қарау туралы ұсыныстардың қорытындысы бойынша 38 243 349 теңге сомасында бюджет қаражаты үнемделді", - деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.

2022 жылғы екі айдың қорытындысы бойынша 17 мекемеге жіберілген ұсыныстар нәтижесінде жалпы сомасы 351 230 304 теңге бюджет қаражаты үнемделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro