25 наурыз 2022 17:05

Сүт литрі 14 миллион теңге: Қызылорда облысында мемсатып алуға жауаптылар жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Техникалық қате жіберген Шиелі аудандық білім бөлімінің мемлекеттік сатып алуға жауапты маманы, сондай-ақ Қармақшы ауданындағы №275 орта мектептің бас есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олар ескерту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Техникалық қате жіберген Шиелі аудандық білім бөлімінің мемлекеттік сатып алуға жауапты маманы, сондай-ақ Қармақшы ауданындағы №275 орта мектептің бас есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олар ескерту алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының білім басқармасы "Сатып алудың бірыңғай терезесі" веб-порталы арқылы тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бағасына мониторинг жүргізу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет анықтаған деректерге зерттеу жүргізген.

"Жоспарланған жұмыстарға сәйкес Шиелі аудандық білім бөлімі бір литр емес, бір лот көрсеткен, яғни жылдық сомасы 14 миллион 577 мың теңге болған. "Табиғи сүт" лотының бір литрін 223,21 теңгеге, ҚҚС-сыз 199,29 теңге сомасына белгілеу жоспарланған. Ал Қармақшы ауданындағы №275 орта мектепте жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу порталына орналастыру кезінде техникалық қате жіберілген. Яғни, 1 күртеше бағасы 16 701,43 теңге болуы керек еді, бірақ дұрыс қойылмаған үтір кесірінен 1 миллион 670 мың 14 теңге болып қалған", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Барлық дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, сандар бөлінген қаражатқа сәйкестендірілген.

"Бұл тек жоспарланған жұмыс болғанын айту керек. Көрсетілген лоттар бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізілген жоқ", - деп қосты ол.

Айта кетейік, Шиелі аудандық білім бөлімі бағасы 14 миллион теңгеден асатын бір литр табиғи сүт сатып алуды жоспарлағаны хабарланған болатын. Қайта тексерілгеннен кейін сүт бағасы 223 теңгеге дейін төмендетілген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети