14 ақпан 2014 16:10

15 жыл іздеуде жүрген қылмыскер Мәскеуде қолға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews.kz ©tengrinews.kz

Он бес жыл бойы бойтасалап, іздеуде болған өскемендік қылмыскер Мәскеу қаласында қолға түсті, деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Tengrinews.kz тілшісіне. 1998 жылдың желтоқсан айында Өскеменнің маңында ауыр қылмыс орын алған екен. Бұрынғы құрылыс алаңының аумағынан басынан балтамен соққы алып, соның салдарынан көз жұмған жас жігіттің денесі табылған. Полицейлер жігіттің өліміне себеп болған қаніпезерді жақында іздеп тауып, қылмысын дәлелдетті. Ол бұған дейін іздеу жарияланған 25 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің таратқан деректеріне сүйенсек, облыстың сақшылары қылмыскерді 15 жыл бойы іздеген екен. Анықталғандай жас жігіттің өліміне себепкер болған әлгі қылмыскер осы уақыт аралығында Мәскеу қаласында өзгертілген аты-жөнімен тұрып келген. Ол онда жай ғана тұрып қана қоймай, тіпті, басқа адамның атынан құжаттар рәсімдеп, Мәскеуде өзінің бизнесін дөңгелетіп отырған. Қазірде Мәскеу полицейлерінің қырағылығының арқасында қылмыскер құрықталды. Енді ол жақын арада елімізге экстрадицияланып, істеген қылмысына қарай лайық жазасын алатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети