20 мамыр 2020 | 13:30

17 жастағы студенттің жоғалуы: ауыл әкіміне қатысты тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tobolinfo.kz © tobolinfo.kz

Қостанай облысы Алтынсарин ауданында жоғалған 17 жастағы Руслан Жуванышевтың ісі бойынша ауыл әкіміне қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ауданның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысы Алтынсарин ауданында жоғалған 17 жастағы Руслан Жуванышевтың ісі бойынша ауыл әкіміне қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ауданның Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Одан бөлек, тәртіптік іс қозғалды. Алтынсарин ауданы, Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің ұлы Қорқабай Нұртасовтың Chevrolet NIVA маркалы қызметтік көлігін пайдаланғаны белгілі болды.

"ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заң талаптарын және мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық кодексі нормаларын сақтамау дерегі бойынша тәртіптік іс қозғады және қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қорқабай Нұртасов бұл лауазымды 2004 жылдан бері атқарып келеді. Алтынсарин ауданының әкімдігі оның жұмысын оң бағалаған. 

Еске салайық, 18 мамырда Қостанай облысында 17 жастағы студент үш аптадан бері іздестіріліп жатқаны хабарланған. Ол соңғы рет жақындарымен 29 сәуірге қараған түні сөйлескен. 

Су қоймасының бірнеше адам отырыс жасаған. Отырыста ішімдік қойылған. Олардың арасында ауыл әкімінің баласы да болған. Куәгерлердің сөзінше, жас жігіттер жұдырықтаса бастаған. Одан кейін Русланды ешкім көрмеген. 

"Ауыл тұрғындары мынаны түсінбей әлек: неліктен көлдің жағасынан ізін тапқан қызметтегі иттер әкімнің үйіне келгенде жоғалтып алды. Неге түнімен жүрген көліктер 29 сәуірде түске дейін жуылып, тап-таза тұрды? Тек Никитаның көлігі қалай лас болды, сол күйі тұрған. Түнімен қыдырған "старшактар" қалайша көлігін былай тез жуып қойды? Неге олар түнгі үште қыздарды алып келді. Ол кезде кәуап та, ішімдік те біткен болатын", - деген сұрақ туындаған "Тобол Инфо" басылымында. 

Жоғалған баланың әкесі Данияр Жуванышев бір факт алаңдататынын айтты.

"Неге ауыл әкімі өз баласын бүркеп отыр. Ол менің баламды іздеуге араласқан да жоқ. Бірақ ұлына қорғаушы жалдаған. Егер кінәсіз болса, неге қорғаушы жалдайды", - дейді ер адам.

Қостанай облысында жоғалған 17 жастағы студенттің ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети