20 мамыр 2020 10:01

Қостанай облысында жоғалған 17 жастағы студенттің ісіне қатысты жаңа деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Нуржан Смаилов/"Тобол Инфо" Фото: Нуржан Смаилов/"Тобол Инфо"

Қостанай облысы Алтынсарин ауданында жоғалған 17 жастағы Руслан Жуванышевтің ісіне қатысты жаңа деректер шықты. Оны үш аптадан бері іздеп жатыр, - деп хабарлайды "Тобол Инфо".


Қостанай облысы Алтынсарин ауданында жоғалған 17 жастағы Руслан Жуванышевтің ісіне қатысты жаңа деректер шықты. Оны үш аптадан бері іздеп жатыр, - деп хабарлайды "Тобол Инфо".

Руслан жақындарына соңғы рет 29 сәуірге қараған түні хабарласқан. Сол күні Руслан достарымен жақында қойылған желіні тексеруге шыққан.

Көлге жақындағанда төрт адамды - Таубек Нұртасовты, Нұрлан Ибраевты, Данияр Балгужинді және Антон Алексеевті кездестіреді. Олар пикник жасап, кәуап пісіріп жатыр екен.

Жігіттер олардың дастарқанына қосылады. Сол кезде кикілжің туындайды, бірақ бәрі бірден тынышталады.

"Руслан сыра ішті. Мені ауылға көлікпен қалай жеткізгені еміс-еміс есімде, қасымызда Руслан да болды. Ол шығайын деп жатқанда жігіттер "сен жақсысың ғой, бізден жүр" деді", - деп еске алады Руслан ең жақын достарының бірі Рази. Досының айтуынша, өзі сол кезде қатты мас болған.

Әрі қарай жігіттердің түсініктемесі әртүрлі. БІресе былай, біресе солай дейді. 

"Біз өзі сол күні кімнің не істегенінен шатасып кеттік. "Старшактар" - сол күні көлдің жағасында кәуап пісіргендер. Олар кішкене отырып, тағы ішкен. Түнгі сағат үште қыздарды алып келгенін айтады. Ол кезде кәуаптары бітіп қалған болатын. Бұл алиби болса ше? Руслан қайда кетті деген сұрақ әлі жауапсыз қалып тұр", - деді ерікті Ирина Карпенка.

Түрлі әңгімеден мынадай картина шығып тұр: жігіттер ішіп алып, ауылға төбелесуге барады. Ол жаққа жоғалған жігіттің көкесі Бахтияр шағырған. Оған үлкен жігіттер кішкентайларға әлемжеттік көрсетті деген сыбыс барады және ол жігіттер "әңгімелескісі" келеді. Жігіттер Руслан Жуванышевсіз келеді. Мұны олар Русланды екі көлікті қарауылдауға қалдырдық деп түсіндіреді. Ауылда сағатқа жуық уақыт бойы "әңгімелесіп" болған соң әркім өз жолымен тарқайды.

"Старшактар" көлге, біз үйімізге кеттік. Олардың айтуынша, қайтып келгенде Руслан орнында болмаған және олар оны ауылға үйіне кетті деп ойлаған. Түске қарай Русланның анасы хабарласты, ұлын сұрады. Бізді қонды ма деп ойлаған. Мен оған жоқ дедім де, қыздың үйіне қарай жүгірдім. Сол маңайда ұйықтап қалған деп ойладым", - деп еске алады Никита.

Бірақ Руслан ешкімнің үйінде болмаған. 

"Ол түнде сағат 00.18-де Иванға хабарласып, үйге бара жатқанын, жан-жағы балшық, жолдан адасқанын айтқан. Кейін "міне жолды таптым, телефонымның қуаты азайып бара жатыр" деген", - деп еске алады Рази. 

Бұл Русланның телефонмен соңғы сөйлесуі. Кейін Иван оған хабарласқанда, телефоны сөндірулі болған.

Русланның жоғалғанына 20 күн болды. Күн сайын барлығы іздеп жатыр. Бірақ нәтижесі жоқ.

Жоғалған баланың әкесі Данияр Жуванышев бір факт алаңдататынын айтты.

"Неге ауыл әкімі өз баласын бүркеп отыр. Ол менің баламды іздеуге араласқан да жоқ. Бірақ ұлына қорғаушы жалдаған. Егер кінәсіз болса, неге қорғаушы жалдайды", - деп сұрайды ер адам.

Сөйтсе, жоғарыда аты аталған Таубек Нұртасов ауылдық округ әкімінің ұлы екен. 

Басылымның хабарлауынша, ол әкесінің қызметтік көлігімен жүрген. Бұдан бөлек Таубек Нұртасов жақында жергілікті тұрғында соққыға жыққан, бірнеше жерін сындырған. Бірақ жауапкершілікке тартылмаған. Және ол полицияда қызмет еткен.

"Иә, ол жұмыс істеді. Бірақ жұмыстан шықты. Қазір екеуміз аудандық полиция бөліміндеміз. Бізден куәгер ретінде сұрап жатыр", - деді әкім Қошқарбай Нұртасов.

"Ауыл тұрғындары мынаны түсінбей әлек: неліктен көлдің жағасынан ізін тапқан қызметтегі иттер әкімнің үйіне келгенде жоғалтып алды. Неге түнімен жүрген көліктер 29 сәуірде түске дейін жуылып, тап-таза тұрды? Тек Никитаның көлігі қалай лас болды, сол күйі тұрған. Түнімен қыдырған "старшактар" қалайша көлігін былай тез жуып қойды? Неге олар түнгі үште қыздарды алып келді. Ол кезде кәуап та, ішімдік те біткен болатын", - деген сұрақ туындады басылымда.

Еске салайық, Қостанай облысында 17 жастағы студентті іздеп жатқаны туралы жазғанбыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети