Атырау облыстық полиция департаменті грепплинг бойынша әлем чемпионы Есенбек Сиғуатов өліміне қатысты қазіргі сотталушылар полицияда жұмыс істегенін құлықсыз мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаменті грепплинг бойынша әлем чемпионы Есенбек Сиғуатов өліміне қатысты қазіргі сотталушылар полицияда жұмыс істегенін құлықсыз мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап.
"Полиция департаменті 18 жастағы Есенбек Сиғуатовтың өліміне қатысты соталды тергеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Айта кету керек, олар полицияда жұмыс істеген жоқ. Біреуі 2020 жылы 22 маусымда Малкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына дайындық курсына жіберілді. Алайда 2020 жылдың 25 маусымында өз еркімен шығарылды. Екінші сотталушы су полициясының кезекші бөлімінде жұмыс істеді, бірақ ол да 2020 жылдың 12 тамызында жұмыстан босатылды", - деді полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.
Атырау спортының жұлдызы, грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов былтыр 9 тамызға қараған түні Амангелді (Дамбы) мен Құрманғазы ауылдарының тұрғындары арасында болған төбелесте атыс қаруынан қаза тапқан еді. Сонда екінші сотталушы екі күннен кейін - 12 тамызда жұмыстан шығарылған.
"AЖ" тілшісі ПД-ның кадрлар бөлімінің меңгерушісі Үмбет Сыдихов қол қойған бұйрықты тапты.
"Онда сол жігітті 2020 жылдың 30 сәуірінде жүргізуші ретінде жұмысқа қабылдағаны, кейін ІІМ оқу орнына жіберілгені, содан соң Сиғуатовтың өлімінен кейін келесі күні жұмыстан шығарылғаны жазылған", - делінген "Ақ Жайық" сайтында.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы іс бойынша сот ісі жалғасып жатыр.
Бұған дейін марқұмның туыстары тергеу тым баяу жүріп жатқанын және төбелесті шығарған адамның жауапкершіліктен қашып кеткенін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!