16 қараша 2020 09:26

Атыраудағы 18 жастағы Азия чемпионының өлімі. Ата-анасы тергеудің баяу жүріп жатқанына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фархат Әбілов © Фархат Әбілов

Атырауда жаппай төбелес кезінде қайтыс болған Азия және әлем чемпионы 18 жастағы Есенбек Сигуатовтың туыстары тергеу тым баяу жүріп жатқанын және төбелесті шығарған адамның жауапкершіліктен қашып кеткенін айтады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".


Атырауда жаппай төбелес кезінде қайтыс болған Азия және әлем чемпионы 18 жастағы Есенбек Сигуатовтың туыстары тергеу тым баяу жүріп жатқанын және төбелесті шығарған адамның жауапкершіліктен қашып кеткенін айтады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Спортшының туыстарының айтуынша, бұл өлімге су полициясының қатысы бар. Алайда бұған дейін құқық қорғау органдарының өкілдері іске полицияның қатысы жоқ екенін мәлімдеген екен.

Еске салайық, Есенбек Сигуатов 9 тамызға қараған түні төбелес кезінде қаза тапқан болатын.

"Ұлымның қайтыс болғанына үш ай болды, ал тергеу өте баяу жүріп жатыр. Осы іс бойынша екі адам қамауға алынды. Бірі менің ұлыма оқ атқан, ал екіншісі оқиға орнына қару әкелген. Алайда осы төбелесті ұйымдастырған 17 жастағы жігіт бостандықта жүр. Неге? Мен осы іс бойынша ІІМ-ге хабарласамын", - деді қайтыс болған баланың әкесі Тоқсанбай Оразғали.

Ер адам төбелестің неден шыққанын және қалай аяқталғанын айтты.

"Біздің ауылдың балалары көрші ауыл Құрманғазыға барғанда сол ауылдың балалары оны ұрып-соғыпты. Балалар біздің баламызға және тағы басқаларына шағымданыпты. Содан Есенбек солармен бірге Құрманғазыға барған. Олар бастапқыда төбелескісі келмеген, тек жанжалға не себеп болғанын анықтамақ болған. Бірақ нәтижесінде Есенбекке оқ атылған. Сол түні мен намаз оқуға дайындалып жатқанмын, алайда бір сәтте Есенбектің достары үйге келіп, Есенбекке оқ атылғанын және оның қаза тапқанын айтты. Мен сенгім келген жоқ", - дейді ол.

Тоқсанбайдың айтуынша, екі күдікті де су полициясында жұмыс істеген.

Полицияның редакция жолдаған сауалға берген жауабында осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқаны айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети