10 қаңтар 2024 09:10

20 қазақстандық зардап шеккен: Маңғыстауда ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Полиция жұмыспен қамту және жылжымайтын мүлік пен автокөлік саласындағы алаяқтық үшін бұрын ұсталған алаяқтар тобына қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Полиция жұмыспен қамту және жылжымайтын мүлік пен автокөлік саласындағы алаяқтық үшін бұрын ұсталған алаяқтар тобына қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері былтыр жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық дерегін анықтаған.

Қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру, сондай-ақ автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сату сылтауымен 112 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.

"Бүгінде полицияға республиканың әр өңірінен 20 адам арызбен жүгінді. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта топтың үш мүшесі қамауда. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарды және оған қатысты деп айыпталып отыр. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайды", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети