28 ақпан 2019 11:23

200 мың доллар жымқырды деген Ұлттық бюро тергеушісі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Ұлттық бюро департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде тәркіленген 200 мың долларды ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ұлттық бюро департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде тәркіленген 200 мың долларды ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оңтүстік Қазақстан облысы (бүгінде Түркістан облысы - түсіндірме) бойынша Ұлттық бюро департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Б. қылмыстық іс бойынша тәркіленген заттай дәлел болатын шамамен 200 мың доллар ақша қаражатын жымқырған", - делінген хабарламада.

Қылмыстың ауырлығын ескере келе сот оның асырауында кәмелетке толмаған балалары барына қарамастан, екі айға қамау түріндегі санкция шығарды. 

Сондай-ақ, осы іс бойынша жедел тергеу тобының басшысы жұмыстан босатылды, аумақтық орган басшысының орынбасары мен тергеу басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Ұлттық бюро органдарының аумақтық және тергеу департаменттерінің басшылары бақылауды әлсіреткені үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Агенттік өкілдері бөлімшелер басшылары қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауап беретінін айтады.

Сонымен қатар, қарамағындағылар жасаған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды дербес анықтайтын және оларды ашуға белсенді түрде көмек көрсететін басшылар жауапкершіліктен босатылады. Мұндай жағдайлар Ұлттық бюроның Қарағанды, Маңғыстау облыстары және Алматы бойынша департаменттерінде болған. 

Ведомство мәліметінше, 2018 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бес қызметкері, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет департаментінің бір қызметкері және мемлекеттік басқару академиясының бір филиалы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта ведомствоның жеті офицеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Осы қылмыстардың барлығы ұйымның өз күшімен анықталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети