18 қыркүйек 2015 20:48

24 сұңқарды шетел асырғысы келген ер адам 10 мың доллар пара беріп жатқан жерінен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық қызметтер жөніндегі қызметкеріне 10 мың доллар көлемінде пара ұсынып, Біріккен Араб Әмірліктеріне Қызыл кітапқа енген 24 сұңқар құсты әкеткісі келген қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған азаматтың ОҚО бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне қылмыстық жауапкершіліктен босату және ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы 1-бөлігінде (экономикалық контрабанда) көрсетілген қылмысты жасады деген күдікпен тергеудегі оған және "Шымкент-Әуежай" акционерлік қоғамының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қысқарту және одан әрі Қызыл кітапқа енген 24 сұңқарды кедергісіз алып өту үшін 10 000 АҚШ долларын бермек болғаны хабарланып отыр.

Ұстау ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің бірлескен жедел іздестіру шаралары негізінде жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар көрсетілген құстарды қайдан алғандығын анықтау бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети