25 мамыр 2020 12:06

38 жастағы қазақстандық Adidas компаниясына қомақты шығын келтірді деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі комитеті Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері 38 жастағы тұрғынға Adidas компаниясына 19 миллион теңге көлемінде қомақты шығын келтірді деген айып тақты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1982 жылы туған ер адам Adidas, Nike және Reebok спорттық аяқ киімдерін заңсыз дайындаған.

"Ол Аdidas AG (Германия) және Аdidas International Marketing BV (Нидерланды) компанияларына 19 миллион теңге көлемінде шығын келтірді. Қойманы тінту кезінде аталған компаниялардың түпнұсқа өнімдеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорттық аяқ киім (кроссовка) тәркіленді", - делінген хабарламада.

Тіркелген факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы 1-бөлігі ("Тауар белгісін заңсыз пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети