23 желтоқсан 2021 09:10

42 миллион теңге жымқырды деген күдікті Германияда ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Ақмола облысында алаяқтық жасаған ер адам Германияда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақмола облысында алаяқтық жасаған ер адам Германияда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында 2014 жылы жасалған қылмыс ашылды. Щучинск қаласының 54 жастағы тұрғыны жергілікті кәсіпкердің 42 миллион теңгеден астам ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, кейін жалған құжаттар көрсеткен.

Бурабай АПБ тергеу бөлімімен аталған дерек ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Тәртіп сақшылары ер адамның жәбірленушіден алған ақшаны бұрыннан бар несие берешегін жабуға пайдаланып, Қазақстаннан шығып кеткенін анықтады. Ақмола облысының полиция департаменті халықаралық іздеу жариялады.

Кейін бұл азамат Германияда жалған құжаттармен тұрғаны белгілі болды. Оны жергілікті полиция ұстаған.

2021 жылдың қарашасында Германияның құқық қорғау органдары мен Қазақстан ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен Майн-Франкфурт қаласында күдікті экстрадицияланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети