Тараз тұрғыны қазақстандықтарды спорт шараларына ұтыс тігіп, 50 пайыз табыс шығарып беретініне сендірген. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тараз тұрғыны қазақстандықтарды спорт шараларына ұтыс тігіп, 50 пайыз табыс шығарып беретініне сендірген. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл наурызда WhatsApp мессенджерінде "Касса от ставки" тобы анықталған.
"Онда спорт шараларына тиімді ұтыс тігу арқылы 50 пайыз табыс алу ұсынылған. Топтың әкімшісі (Тараз қаласының тұрғыны) және 30-дан 100 мың теңгеге дейін ақша тіккен 14 жәбірленуші анықталып, ұсталды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғыны WhatsApp арқылы ақшаны айналдыру сылтауымен алаяқтықпен айналысқан. Жәбірленушілерге жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Олар анықталды", - деді Нұрмағамбетов ІІМ-нің онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, 2021 жылдың үш айында ішкі істер органдары осындай 6 мыңнан аса (6824) қылмысты тіркеген.
"Instagram әлеуметтік желісінде әйелдер киімін сату туралы жалған хабарландыру жариялаған Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта факт бойынша 40 жәбірленуші анықталды, тергеу жалғасып жатыр.
Қарағанды облысында ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу барысында интернетте автобөлшектерді сату бойынша жалған хабарландырулар жариядау арқылы жасалған 23 алаяқтық анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысында адамдардың құжат көшірмелерін пайдалана отырып, онлайн-кредиттер ресімдеу жолымен 50 ұрлық жасаған алаяқ ұсталды. Әлеуметтік желілерде олардың жоғалғаны туралы хабарландыру табылды. Көп істерді тергеудің ұқсас мысалдары барлық өңірде бар", - деді департамент бастығының орынбасары.
Нұрмағамбетовтың айтуынша, интернет-алаяқтықтың тәсілі көп. Қылмыскерлер, негізінен, ақша алуға немесе жеке деректерді алуға, шоттарға және одан әрі ақша ұрлауға бағытталған әлеуметтік инженерия әдістерін қолданады.
Бұл ретте адамдар өз еркімен алаяқтарға деректерін береді не "фишингтік" сайттарға дербес деректерін енгізеді.
"Жеке мәліметтеріңізді, карта коды мен сандарын ешкімге, тіпті банк немесе полиция қызметкерлеріне де айтпаңыз. Дербес деректеріңізді белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа да көздерге тіркемеңіз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз. Күмәнді мәмілелер бойынша аударым жасамаңыз, ашық кіріс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болыңыз. Смартфонға немесе компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз", - деп ескертті ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!