07 қазан 2019 10:13

"500 және 5000 теңге". Алматыда бір топ жігіт жалған ақша шығаратын цех ашқан

11 қыркүйекте Алматы қаласында Экономикалық тергеу департаменттерінің мамандары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оның нәтижесінде 500 және 5000 теңгелік жалған купюра жасап келген үш адам құрықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу жұмыстарының барысында бұрын сотталған азаматтар арнайы келісім арқылы жасырын цехта ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноталарын жасаған. 

Қылмыстық топтың мекенжайы бойынша ноутбук, түрлі-түсті принтер, еріткіштер, ультракүлгін лампа, ламинатор, су белгілерінің орнын ауыстыруға арналған құрылғы, бояулар, екі жағында номиналы 500 және 5000 теңгелік банкноттардың суреттері (бланкілері) бар флэш-карталар және 308 мың теңге болатын жалған ақша тәркіленген. 

27 қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп, қылмыстық іс сотқа берілді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети